Stan.kz ақпарат агенттігі 24 мамырда онлайн-диктант ұйымдастырады. Диктантты үздік жазған қатысушыларда 200 мың теңге ұтып алу мүмкіндігі бар.24 мамырда dictant.stan.kz парақшасында республикалық онлайн диктант өтеді. Оған кез келген адам қатыса алады. Биыл қандай ұтыс ойнатылады? Диктантты қатесіз жазып, ең жақсы нәтиже көрсеткен қатысушылардың арасында 200 мың теңгеден 10 адамға қаржылай сыйлықтар ойнатылады. Жүлдеқоры 2 миллион теңге. Жобаның демеушісі – “Dauletten” қоры. Ескерту: Ұтысқа шынайы атын-жөнін жазғандар ғана қатыса алады. Бұған қоса диктантты бірнеше рет жазған қатысушылар ұтыс ойынына жіберілмейді. Диктант қай уақытта басталатынын білу үшін Telegram-да Stan.kz парақшасына жазылыңыз немесе біздің қосымшаны жүктеп алу керек.