"200 мың теңгеден астам айыппұл төледік",-тұрғын

Астанада салынғанына бес жыл болған тұрғын үйдегі коммуналдық жүйелер қала меншігіне берілмеген. 100-ден астам отбасы қазір соның әуресімен жүр. Соның салдарынан қыруар айыппұл төлеуге мәжбүрміз дейді олар. Бұл көпқабатты үйлер Үкілі Ыбырай көшесінде орналасқан. Пайдалануға берілгеніне бес жыл болса да, коммуналдық жүйелер жергілікті биліктің құзырына өтпеген. Соның салдарынан дұрыс қызмет ала алмай жүрміз дейді жұрт. Гүлжан ОКУТАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:Біз қыс бойы аваринка шақырып шығамыз. Каналдың сеттері рәсімделмеген, өткізілмеген. Одан қалса, мына Астана энергоказбыт бізге одэм бойынша 180-200 мыңға дейін артық қарызға кіргізіп, шоттарды арестке қойып жатыр. Мен прокуратурағада жаздым кісілермен. Қала әкімдерімен осы мәселені шешетін уақыт жетті ғой. Айта кетейік, көшелерде электр бағаналары да дұрыс орнатылмаған. Сондай-ақ футбол алаңындағы қоршау да бір жылға жетпей қирап қалыпты. Тұрғындар үйдің сапасы сын көтермейтінін айтады. Ықтияр МЕЙІРБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:Біздің талаптарымыз газге қосылса дейміз. Қаладағы Көктал Юго востоктарды қосты ғой солай қаладағы газге қосса дейміз. Өйткені бізде квадратурасына 380 тг ден шығып тұр бізде. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, мердігер компанияның коммуналдық жүйеге қосылуға қажетті құжаттары болмаған. Барлығы енді реттеліп жатқанын жеткізді. "АСТАНА СУ АРНАСЫ" МКК:Бұл көппәтерлі тұрғын үй кешенін орталық кәріз жүйесіне қосу жұмыстары аяқталғанын хабарлаймыз. Келесі аптада мердігер компаниядан тиісті декларацияны толтыру және қол қою үшін хат күтеміз. Тұрғындар енді мәселенің толық шешілетініне үмітті. Болмаса, мұндағы 105 пәтердің иесі айыппұл төлеуге мәжбүр болмақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда қаза тапқан 20 жастағы жігіт муайтайдан әлем чемпионы болып шықты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
Қазақстандық ауыр атлетші Азия чемпионы атанды
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
Төтенше жағдайлар министрі Ақтауға барды
Ұшақ апаты: Төтенше жағдайлар министрі Ақтауда жүр
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Астаналықтар Қазақстандағы Әзербайжан елшілігіне гүл шоқтарын қойып жатыр
Алексей Чуркин Азия чемпионы атанды
Ақтауға ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов барды
Еңбек министрлігінің шенеунігі пара алғаны үшін сотты болып жатыр
Талдықорғанда биыл тұрғын үй кезегі 8,3 пайызға қысқарды
Спорт министрлігінің шенеуніктері ₸584 млн жымқырған