Былтыр 22 мыңнан аса адам Қазақстан азаматтығын алды. Бұл туралы ІІМ брифингінде айтылды."Тәуелсіздік жылдары бір миллионнан аса адам Қазақстан азаматтығын алды, ал былтыр – 22 мың адам, оның ішінде ҚР Президентінің Жарлығымен – 1375, жеңілдетілген тәртіппен – 20 мыңнан аса адам азаматтыққа қолжеткізді. Оның ішінде 17,5 мыңнан аса қандас (17 676), Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Ресей арасындағы азаматтыққа қабылдаудың жеңілдетілген тәртібі туралы келісім бойынша – 1287, тұрмысқа шыққан әйелдің азаматтығы туралы Конвенция бойынша – 1777", - делінген хабарламада.ІІМ БҰҰ БЖКБ-ның Қазақстандағы өкілдігімен және ҮЕҰ-мен бірлесіп екі жыл ішінде құжатсыз және азаматтығы белгісіз адамдарды анықтау және тіркеу бойынша кең ауқымды акция өткізілген. "Акция нәтижесінде азаматтығы жоқ, құжаттары жоқ 8 мыңнан аса адам анықталды. Оның ішінде 5 мың адам Қазақстан азаматтығына жататынын растады және жеке куәліктер рәсімделді. 3 мыңнан аса азаматтығы жоқ адамның куәлігі берілді", - делінген хабарламада.