2022 жылы жұртты елеңдеткен жағдайлар да болды

2022 жылы жұртты елеңдеткен, елдігіміз сынға түскен сәттер де болды. Қаңтар оқиғасы, Екібастұз тұрғындарының жылусыз қалуы, Қостанайдағы алапат өрт, Қарағанды шахтасындағы апат. «Астана» арнасының тілшісі жылдың ең ірі төтенше оқиғаларына тоқтады.Екінші қаңтарда Маңғыстау облысында басталған бейбіт шерудің арты бүлікке, қарақшылық пен төбелеске ұласты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ әскерін шақыруға шешім қабылдады. Елімізде төтенше жағдай жарияланды. Ресми дерек бойынша «Қаңтар оқиғасынан» 238 адам қаза тапты. Оның 19- ы құқық қорғау органдарының өкілдері мен әскери қызметкер. Кейін бұл оқиғаға «билікті күшпен басып алуға талпыну» деген баға берілді. Жүздеген адамға қатысты 234 қылмыстық іс қозғалды. Бірқатар лауазымды тұлға қамауға алынды. Ал Қостанай облысында алапат өрт салдарынан Аманқарағай ауылында 91 үй толық жанып кетті. Қыркүйектің екісінде Әулиекөл ауданында басталған өрт 8 күнде әрең сөндірілді. 43 мың гектар аумақты шарпып мыңға тарта үй жануарлары пен құстар құрбан болды. Полиция орман шаруашылығының басшысын қамауға алды. Қарағанды облысының Ленин шахтасында қарашаның 3- і күні 830 метр тереңдікте метан газы жарылып 5 кенші қаза тапты. Тағы 4 шахтер ауыр жарақаттармен аман қалды. Осы айдың басында Екібастұз қаласында 150 мыңға жуық халық қыс ортасында жылусыз қалды. Жылу электр орталығындағы апат салдарынан ыстық және суық су да тоқтады. Жарық та өшті. Мұзды қалаға айналған шаһарда бір мыңдай пәтер жарамсыз күйге түсті. Халық баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болды. Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ: Жергілікті билік үкіметпен бірлесіп төтенше жағдайлардан болған проблемаларды шешуге тырысып жатыр. Ең бастысы енді мұндай оқиғалар ешқашан қайталанбасын, - деп тілейміз. 2023 жыл Қазақстан халқы үшін сәттілікке толы жыл болсын. А. Қуаш

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
Елена Рыбакина Дубайдағы әлемдік турнирде жеңімпаз атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?
Оралда жолаушылар автобусы өртенді
Боран болады: 23 желтоқсанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді
Пиротехниканың қауіптілігі туралы ТЖМ құтқарушылары айтып берді
Қарағандылық жолшылар жүк көлігін апаттан құтқарды
Щучинскте монша өртенді
Семейде бас шыршаның шамын жағу рәсімі кейінге қалдырылды
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бақыт Сәрсекбаев бокстан ұлттық құрамаға оралды