2023 жылы әлемде 17 млн электромобиль сатылған

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Самат Мұсабаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.Мәжіліс депутаттары елімізде экологиялық таза көлікті танымал ету және электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мақсатында аталған заң жобаларына бастама жасап отыр. Бүгін Мәжілістің пленарлы отырысында депутат Самат Мұсабаев осы мәселеге қатысты заң жобасын таныстырды. Бүгінгі таңда электромобильдер әлемде кең таралып, оған деген сұраныс геометриялық түрде өсіп келеді. Электромобильдердің әлемдік сатылымының соңғы үш жылдық динамикасына көз жүгіртетін болсақ, 2020 жылы әлемде 3 млн 240 мың электромобиль сатылды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 43 пайызға көп. 2021 жылы бүкіл әлем бойынша 6,5 млн электромобиль сатылды, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 109 пайызға өскен. 2022 жылы электромобильдер сатылымның жаңа рекордын орнатты, әлемде 7,8 млн сатылды. 2023 жылы әлемде шамамен 17 млн электромобиль мен гибридті автомобиль сатылды, - деді депутат. Оның сөзінше, Қытай 2030 жылға қарай бензинді қозғалтқыштардан толық бас тартуды жоспарлап отыр. Зерттеушілердің пікірінше, 2035 жылға қарай әлем бойынша эксплуатацияда 130 миллион электромобиль болады. 2021 жылы Глазгода өткен дүниежүзілік климат саммитінде Ұлыбритания, Үндістан, Австрия, Польша, Канада, Түркия және басқа елдер, барлығы 33 ел, сонымен қатар ірі алты автомобиль өндіруші: General Motors, Ford, Mercedes, Volvo, Jaguar/Land Rover және BYD (Build Your Dreams) 2040 жылға дейін іштен жану қозғалтқышы бар көліктерден толық бас тартатынын жариялады. Депутат Мұсабаевтың айтуынша, электромобильдердің іштен жанатын қоғалтқышы бар көліктермен салыстырғанда экологиялық және экономикалық жаңғынан тиімділігі басым.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ауыр атлет Артем Антропов әлем чемпионы атанды
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
Елде полиция күшейтілген режимге көшті
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Доллардың бүгінгі бағамы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Теміртауда алты жасар бала мұзға батып кетті
Өскеменде қыздың үстіне жылы аялдаманың әйнегі құлап кетті
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Еріктілер Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады
Таиландта жәрмеңкеде жарылыс болды: төрт адам қаза тапты: 14 желтоқсан 2024, 17:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Маңғыстаудағы республикалық тасжолда қозғалыс жабылды
Демалыс күндері ауа райы күрт өзгереді – Қазгидромет
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Астанада cәйгүліктер сайысы өтіп жатыр
Онлайнда әйелдер ерлерден көп уақытын өткізеді
Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген күдікті 12-ақ жылға сотталды
Михаил Кавелашвили Грузия президенті болып сайланды