2023 жылы кімнің жұлдызы жанды?

Биыл біраз адам желі арқылы жұртқа танылды. Ғаламтормен жүйткігендердің жұлдызы жанып, үлкен сахнада топ жарды. Арасында хайп қуамын деп, майып болғандар да бар. Инстаграмға кіріп, тиктокқа телміріп, ютубтан жарқ етті. Сөйтіп, ойламаған жерден оймақ тауып, олжаға кеңелді. Кейбірі ойнап жүріп от басып, опық жеді. 2023-тің көзайымдары туралы Аружан Задабек айтады. Ғаламтор арқылы танылғандардың арасында еңкейген кәрі де, еңбектеген бала да бар. Былдырлап сөйлеп, бал тілімен таңдай қақтырған балғындарды көргенде, сүйсініп қаласың. Әнұран айтқан балдырғандарды көрсек, жүректің елжірейтіні рас. Бұл видео көпшіліктің көңілін босатты. Желі қолданушылары міне, нағыз патриот десті. Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу. Ақша тапқыш баланың қолын ұрма, ұғындыр. Беташарға түскен ақшаны алуды көздеген бұл баланы көрген желідегілер осындай пікір қалдырды. Олар бүлдүршіннің болашақта малтапқыш болатынын айтып жарысты. Әрбір бала – өнерлі. Тек жігерін құм қылмай, дұрыс бағыт көрсету маңызды. Әпкелі-сіңілілі қос бүлдіршін тик-ток арқылы қазірдің өзінде табыс тауып жүр. Түрлі персонаждардың рөліне кіріп, көрермен көзайымына айналды. Елде Димаштың ізін қуғандар көбейіп жатыр. Құрылыс алаңында ән айтқан бұл жігіт біраз адамды сүйсінтті. Тек даусы ғана емес, сырт келбеті де Құдайбергеннен айнымайтын Аплатонға халық ақ батасын жаудырды. Иә, ән жүректі елжіретеді. Биыл біраз өнер адамы қызына арнап ән шығарды. Олардың арасында әнші Қайрат Мырзахановтың туындысы ерекше ықыласқа бөленді. Өзіне арналған шығарманы естіген өнер иесінің қызы көзіне еріксіз жас алды. Жұрт әр сөзді ұғынған, сезінген бүлдіршіннің жүрегінен айналды. Қайрат қызына арнап шығарма жазса, Әділет анасына ән арнады. «Мамау» деген өнер иісінің туындысы тик-ток желісінде миллиондаған қаралым жинаған. Той десе қу бастың домалайтыны рас. Бірақ, бүгінгінің тойлары мазаққа айналып кеткендей. Тойдағы қазақ – ел-жұртқа мазақ деп жүргенде, киелі сахнадағы сұмдықты көріп, сескендік. Биыл шет ел жұлдыздары кезек-кезек Қазақстанға келіп концерт қойды. Бұл – қуантарлық жәйт. Тек еңсені түсірген бір мәселе бар. Сүйікті әртісін көрген кей арулар ар-намыстан аттап, ел намысын төмендетті. Әншіге іш-киімін лақтырды. Енді бірі этикадан аттап, түрік актерінің мойнына асылды. Біз өнермен алысып жүргенде, қазақ қыздары арасында марафон басталып кетті. Қандай дейсіз ғой? Бойжеткендер мәһр сұрап, ел-жұртты "ауыздарына" қаратты. Мәһірін алып, ақ орамал таққан келіндер де әлеуметтік желіде белсенді. Бір қолымен бесікті тербеткен арулар ән айтып, сүйсінтті. 2023 жылдың жұлдызы - осылар. Олар желіні шарлап, көпті таңқалдырды. Өнерімен танылып, топ жарды. Ендігі тілек бір. Хайп қуамын деп, тайып құламаса болғаны.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Президент бюджет туралы заңға қол қойды
Ауыр атлет Артем Антропов әлем чемпионы атанды
«Қайрат» Алматыда алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастамақ
Доллардың бүгінгі бағамы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Қазақстан полициясы күшейтілген жұмыс режиміне ауысты
Әуежай мен вокзалдарда заң бұзған 1200-ден астам жауапқа тартылды
Таиландта жәрмеңкеде жарылыс болды: төрт адам қаза тапты
Әскери жүк тасымалдауға арналған арнайы вагон таныстырылды
Астана-Бурабай бағытындағы туристік пойызы 574 жолаушыға арналған
Әлем чемпионы атанған Нұрқожа Қайпановқа министрлік медаль берді
Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа қоныс
Антикор басшысы Ирактың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілімен кездесті
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Астанада екі жасар сәби петерде қамалып қалған
Қазақстанда полицейлер күшейтілген режимге ауыстырылды