2024 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуде екі пән бойынша шекті балл саны төмендетіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы мәлім етті. Белгілі болғандай, ҰБТ форматы өзгеріссіз қалады, яғни 3 міндетті және 2 бейіндік пәнді қосқанда, 5 пән бойынша тапсырылады. Математикалық сауаттылық – 10 тапсырма, шекті балл – 3; Оқу сауатталығы – 10 тапсырма, шекті балл – 3; Қазақстан тарихы – 20 тапсырма, шекті балл – 5; 1 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5; 2 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5.