2025 жылдан бастап кедейлік шегі басқаша есептеледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Орталық коммуникациялар қызметінде азаматтарға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудің жаңа тәсілі туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек беру үшін кедейлік шегі бүгінгі күнкөріс деңгейі арқылы емес, медиандық табыс деңгейі арқылы анықталатын болады, - деді ол. Сонымен қатар, Сарбасов 1 шілдеден бастап ҚР Әлеуметтік кодексінде көзделген шаралар халықаралық тәжірибеден алынғанын айтты. Біз Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесін зерттедік. Бүгінде АҚШ-тағы кедейлік шегі медианалық кірістің 40 пайызына, Канадада - 50, Швеция, Норвегия, Дания, Австрия, Германия және Францияда 60 пайызына пара-пар. Біз де осы тәжірибені енгізуді көздеп отырмыз, - деді ол. Бұл ретте Әлеуметтік кодексте балалары бар отбасыларға әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары көзделген: бала күтіміне байланысты төлемдер мерзімін 1,5 жасқа дейін ұзарту және атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған натуралды пакетті монетизациялау; «Алтын» немесе «Күміс алқамен» наградталған аналар деген жаңа статус беру, 7 және одан да көп бала тапқан әйелдерге жәрдемақыны өсіру.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жеті жасар қыз ата-анасының атына несие рәсімдеген
Лос-Анджелестегі өрт бағытын өзгертті: зардап шеккендер саны артты
Қазақ күресінен «Дала қырандары» турнирінің жеңімпаздары анықталды
Діни радикалдар тобының 11 мүшесі ұсталды
Доллар бағамы қандай?
Лос-Анджелес отты қоршауда: жел өртті басқа бағытқа бұрды, қаза тапқандар саны артуда
ТЖМ басшысы әмбебап құтқару бөлімшесін ашты
Орталық Азиядағы ең үздік әскер
Бүгін - Дінмқхаммед Қонаевтың туған күні
Бүгін - Дінмұхамед Қонаевтың туған күні
Республикалық маңыздағы жолдың бір бөлігі жабылды
Сарбаз әскери ант рәсімінде сүйіктісіне сезімін білдірді
Лос-Анджелестегі өрттен қаза тапқандар саны 16 адамға жетті
ҚБТУ ғимаратындағы өрт: ЖОО ресми мәлімдеме жасады
Спорттық протеин құрамындағы ауыр металдар денсаулыққа қауіпті
Қандай өнімдерден сарғайып кетуіңіз мүмкін?
Семейде көлік жүргізушісі ана мен баланы қағып кетті
Ақмола облысында өрт сөндірушілер мен медицина қызметкерлерінің біріккен бөлімі ашылды
Қазақстан армиясы Орталық Азияда үздік деп танылды
Қысқы Универсиада: Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Швециямен ойнайды
Тұман түсіп, көктайғақ болады
Моңғолияда наразылық білдірушілер үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп жатыр
Әлеуметтік желіде біреуге жала жапқан әйел айыппұл арқалады
Моңғолияда үш мыңнан астам адам үкіметтің отставкаға кетуін талап етті