2025 жылдан бастап кедейлік шегі орташа табыс деңгейі бойынша есептеледі

Елімізде кедейлік шегі жаңа есептеу тәртібі бойынша айқындалмақ. Мұндай өзгеріс Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«2023 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы бойынша кедейлік шегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептелген ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызы мөлшерінде бекітілсін. 2025 жылы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептелген медиандық табысының (орташа табыс - автор) 50 пайызы мөлшерінде айқындалады», - делінген құжатта. Бұйрыққа сәйкес, қазір кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на тең. Демек, қазір күнкөріс деңгейі 40 565 теңге болса, оның 70 пайызы – 28 397 теңге. Еске салайық, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова кедейлік шегі орташа табыс деңгейі арқылы анықталатынын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, бұл өзгерісті енгізу алдында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының тәжірибесі зерделенген. Осы ұйымға енетін 8 мемлекет кедейлік шегін медиандық табыс деңгейі арқылы айқындайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Әуе апаты кездейсоқ болмайды»: Экс-шенеуніктің жазбасы елді ойландырып қойды
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың деректері жарияланды
Қара жәшік табылды
Қанат Бозымбаев ұшақ апаты туралы мынадай деректерді ұсынды
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына қайда хабарласу керек
Түркі жұртына ортақ тұлға
Насыр – үздік баяншы
Қазақстанда жаңа 2 000 теңгелік банкноталар пайда болады
«Әуе апаты кездейсоқ болмайды»: Экс-шенеуніктің жазбасы елді ойландырып қойды
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорына қатысты тергеу аяқталды
Сөздегі емес, істегі нәтиже маңызды
Теңіздің екінші тынысы ашыла ма?
Бізге керегі – заң мен тәртіп
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады
Шаттыққа толы шыршатой
Жол үстінде көліктерін “билеткен“ павлодарлық жүргізушілер жауапқа тартылды
Көшпелі жиын өтті
Мәжіліс биылғы жұмысын қорытындылады
Тұрғындарды алаңдатқан сауалдар
100-ге жуық шетелдік такси жүргізушісі елден шығарылды
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Cауда үйінің қызметкері зейнеткердің шотынан ірі көлемде қаражат ұрлаған