Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ауыл жастарын қолдау шаралары туралы айтты. Үкімет отырысында 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы қаралды. Бұл құжат жастарды жан-жақты қолдау мақсатында 7 бағыттан тұрады. «Бүгінде жастардың 43,7%-ы ауылда тұрады. Тұжырымдамада ауыл жастарының кәсіби дамуына, сондай-ақ кәсіпкерлік арқылы олардың әлеуетін іске асыруға бас назар аударылады. Сонымен қатар кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізіледі. 2029 жылға дейін 1 миллион ауыл жасын жұмыспен қамту, 1,5 миллион жастың цифрлық сауатын арттыру, 3,8 миллион жасты ресурстық орталықтар арқылы әлеуметтік қызметтермен қамту көзделген», - деді министр Үкімет отырысында. Мемлекет басшысының саяси реформалары шеңберінде бекітілген жастарға арналған 30% квота жастардың саяси белсенділігін арттыруға серпін берді. Дархан ҚЫДЫРӘЛІ ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ «Сондықтан біз жастарды мектеп пен студенттік кездерден өзін-өзі басқаруды, пікірталастарды дамытудан бастап, мемлекеттік органдардың қоғамдық кеңестеріне қатысуға дейінгі шешімдер қабылдау процесіне біртіндеп тарту көзделген. Нәтижесінде 2029 жылға дейін қоғамдық кеңестерде жастар квотасын 20%-ға арттыру, жас мемлекеттік қызметшілердің көрсеткішін 25%-ға ұлғайту, 2,2 млн жасты волонтерлік, қайырымдылық және экологиялық бастамаларға тарту жоспарланған»