2030 жылға қарай денсаулық сақтау мамандарына тапшылық артады

Қазақстан денсаулық сақтау менеджерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Қуаныш Ерғалиев денсаулық сақтау саласындағы болжамдарды баяндады. Айта кетейік, елордада Денсаулық сақтау менеджерлерін дайындау мәселелері туралы дөңгелек үстел өтті. «Қазір денсаулық сақтау саласында халық санының өсуі, жаңа медициналық технологиялардың пайда болуы сияқты түрлі күрделі сынақтарға тап болып отырмыз. Бұл қиындықтарды жеңу үшін бізге күрделі жүйелерді басқаруға және дұрыс шешімдер қабылдауға қабілетті, жоғары білікті менеджерлер мен басқарушылар қажет. Жоғары оқу орындары, кәсіби қауымдастықтар және медициналық ұйымдардың басшылары арасында менеджерлерді даярлаудың үздіксіз процесі мәселелері біз үшін де маңызды», - деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова. Қуаныш Ерғалиевтің айтуынша, денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі жаһандық сын-қатер – медицина қызметкерлерінің тапшылығы болады. «2030 жылға қарай денсаулық сақтау жүйесінде 10 миллионға жуық адам жетіспейді деп болжануда. Бұл дерек Дүниежүзілік экономикалық форумда айтылды. Екінші сын-қатер –қаржылық жүктеме. Жаһандық деңгейде барлық елдер бойынша қаржыландыру артқанын көріп отырмыз, бірақ денсаулық сақтау жүйесі үлгермейді, денсаулық көрсеткіштері де жақсарған жоқ. Қазақстанда әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу арқылы қаржыландыру 3 есе өсті, бірақ денсаулық көрсеткіштері еш динамиканы көрсетпеді», - деді Қ. Ерғалиев. Сонымен бірге, спикер медициналық қызметтерге қол жеткізудегі теңсіздіктің артқанын да атап өтті. «Әсіресе мұны пандемиядан кейін көрдік. Денсаулық сақтау жүйесінде теңсіздік мәселелері шиеленісе түсті. Медициналық қызметтерге қол жеткізе алмайтын адамдар саны артты, халықтың кедей және маргиналды топтары зардап шегеді», - деді ол. Жұқпалы емес аурулар денсаулық сақтау жүйесінде де үлкен ауыртпалық тудыруда. «Жұқпалы емес созылмалы аурулардан болатын өлім-жітім үлесі алдағы уақытта тек қана өседі. Қазір өлім-жітім шамамен 74% құраса, 2030 жылға қарай жаһандық өлім-жітім 80%-дан асады, әсіресе дамушы елдерде көбірек байқалады. Бірақ жұқпалы аурулар да назарымыздан түспеуі керек. Бұған COVID-19 дәлел», - дейді Қуаныш Елікбаев.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы маңында жер сілкінді
Ақтау әуежайында ұшақ апатына дейін және кейін не болғаны белгілі болды
ШҚО-да 15 жылқыны ұрлаған азамат қолға түсті
Екі халықаралық есірткі арнасы жойылды
2050 жылға қарай Қазақстанда қала халқының үлесі 70 пайызды құрайды
Алматыда велосипедтерді жалға алу қайта жалғасады
Алматыда велосипедтерді жалға алу қайта жалғасы
Ақтау әуежайында ұшақ апатына дейін және кейін не болғаны белгілі болды
TUŃǴIYQ, ERÝLIK және ÙNDILIK TANYM коллекциялық монеталарын айналысқа шығады
Жыл қорытындысы: Білім беру жүйесіндегі қазіргі тенденциялар – инклюзивті оқытудан цифрландыруға дейін
Әзербайжан ұшақ апатынан зардап шеккендерге қанша өтемақы төлейді
Актауда ұшақ апатынан зардап шекккен Әзербайжан азаматтарын шығарып салды
Еліміздің басым аумағында қар жауады
Қазақстанда кедейлік шегі өзгерді
ҰҚК үш қазақстандықты ұстады
«Жастарға жұмыс»: 46 адам мемлекеттік мекемеге жұмысқа орналасты
Алматы қаласы маңында жер сілкінді
Есірткі бизнесінде қолданылатын химиялық заттарды бақылау үшін Таргетинг-орталығы құрылады
Алматы маңында жер сілкінді
СҚО-да 46 жас маман "Жастарға жұмыс" жобасы арқылы жұмысқа тұрды
Қасіретті қаңтар оқиғасының астарын ашқан кітап
Жүргізушілерге 6 өңірде ескерту жасалды
Жұма күнге арналған валюта бағамы
Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін табылған қара жәшік қашан ашылады