21 жасқа толмағандарға несие берілмеуі мүмкін

Елімізде 21 жасқа толмағандарға несие берілмейді. 1 жарым жылдың ішінде тұтынушылық қарыз екі есе артқан. Бұл экономикаға елеулі қауіп төндіруі мүмкін дейді мамандар. Биыл шетел валютасына сұраныс күрт азайып кетті. Бұған не себеп? Толығырақ "Экономика" топтамасында. 21 жасқа толмағандарға енді несие берілмеуі мүмкін. Елімізде 2 миллион адамның банктерге 1,5 триллион теңге берешегі бар. Тіпті кредитті жабу үшін микроқаржы ұйымдарына жүгінетіндер көп. Қарызға белшесінен батқандарға билік бірнеше рет несиелік рақымшылық жасады. Мәжіліс депутаттары қарызды төлеу мерзімін 90 күннен асырған борышкерлерге несие беруді және ресми кірісті растамай, тұлғаларға тұтынушылық кредиттер беруге тыйым салмақ. Сонымен қатар, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлеме лимитін төмендетуді ұсынып отыр. Ал, бұған халықтың ойы қандай? БЛИЦ-САУАЛНАМА: - 21-ге толмағандарға несие бермеген дұрыс деп санаймын. - Дұрыс емес ол. Адамның құқығын шектеу деп ойлаймын. - Өздері ойланбай несие алып, қателік жасауы мүмкін. Солай қарыз ямасына кіріп кетуі мүмкін. Елімізде шетел валюталарына сұраныс төмендеді. Ақша айырбастау пунктерінің АҚШ долларын сату көлемі биыл алғашқы жарты жылдықта 1 трлн теңге болған. Бұл былтырмен салыстырғанда 10 пайыз аз. Еуроның да сатылымы бір жылда 27 процентке төмендеді. Ол 158 млрд теңге болды. Ал рубль 10 млрд теңгеге ғана сатылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26 пайызға төмен. Биыл қаңтар мен шілде айларында Қазақстан 1,2 миллиард долларға 4 жарым мың тонна бидай экспорттады. Өнімнің 3200 тоннасы ТМД елдеріне жөнелтілсе, көршілес Өзбекстанға 2,2 миллион тонна сатылды. Сонымен қатар, Тәжікстан, Түркіменстан, Ауғанстан мен Қытайға және Италияға да жіберілді. Бұл көрсеткіш өткен жылғы экспорттан шамамен 36 пайызға жоғары. Бірақ биылғы экспорттау бағасы шамамен 13 процентке төмендеген. Сарапшылар "бұл дүниежүзіндегі бидай бағасының арзандауының әсерінен" дейді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
«Барыс» хоккейшілері 2025 жылды жеңіліспен бастады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді