Елордада былтыр психотроптық өнімді таратқаны үшін 49 адам бас бостандығынан айырылды. Қазір сотта 11 адамға қатысты іс қаралуда. Оның ішінде бүгін «наша сату және тарату» фактісі бойынша 21 жастағы азаматтың қатысты ашық сот отырысы өтті. Оған студенттер арнайы қатысты. Себебі, соңғы жылдары жастар арасында есірткі тарату оқиғасы жиілеп кеткен. Прокурорлар студенттерді осындай сот процесіне қатыстыру арқылы жастар арасындағы наша тасымалына тосқауыл қоймақ.Елдар НҰРМАХАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: Жастардың қатысуымен өткізудің басты мақсаты – Астана қаласы осыған ұқсас қылмыстардың студенттермен жасау дерегі күрт өсіп жатыр. Сот отырысының маңыздылығы жастарға сотталушы өздерінің замандасы екенін және есірткі заттарын тасымалдау аса ауыр қылмыс екенін, ол үшін қатаң жаза көзделгенін түсіндіру болып табылады. Марлен ӘЛІБЕКОВ, СТУДЕНТ: Мен жеңіл ақша жақсылық әкелмейтінін түсіндім. Ақша үшін мұндай әрекетке барудың қажеті жоқ. Сот процесіне қатысу арқылы өзіммен қатар жас баланың өз өмірін құртқанын көрдім. Өзіме сабақ алдым.