2253 әйел түсік жасатты

 Атырау облысында соңғы үш жылда түсік жасатқан әйелдер саны артқан. Былтыр 2253 әйел осындай қадамға барған, - деп жазды  KAZINFORMАтырау облыстық перинаталдық орталықтың директоры Қазбек Ермағамбетовтің айтуынша, бұған әлеуметтік және денсаулықтағы кінәрат себеп болуы мүмкін. Некесіз жүктілік те осында қадамға баруға мәжбүр етеді.«Мәселен, 2021 жылы – 1951, 2022 жылы – 1815, ал, былтыр 2253 әйел жасанды түсік жасатуңа шешім қабылдады. Ал, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында түсік жасату дерегі 2,5 есеге азайды. Статистикалық мәліметке сәйкес, 2021 жылы — 13, 2022 жылы — 14, өткен жылы 5 жасөспірім түсік жасатты», -дейді Қазбек Ермағамбетов.Оның пікірінше, мектепте кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктілікке қарсы түсіндіру жұмысының маңызы зор.«Әйел үшін жүктілік, өмірге бала әкелу — үлкен оқиға. Сол себептен, біз қыздарымызды ерте жүктіліктен, түсік жасатудың ықтимал салдарынан қорғауымыз қажет. Өйткені, әйел түсік жасатқаннан кейін күйзеліске ұшырайды. Бұл демографияға кері әсер етеді», -дейді Қазбек Ермағамбетов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Көктайғақ, тұман: синоптиктер бүгінгі ауа райына байланысты ескерту жасады
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Қазақстандық құтқарушылар марапатталды
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
700 млн теңге қолды болған: Шымкентте аудан әкімдігінің лауазымды тұлғасы сотталды
Түркістанда тұрмыстық қалдықтар полигондарының 65%-ы санитарлық талапқа сәйкес емес
Көлік Ертіске құлап кеткен: тірі қалған жалғыз жолаушы оқиға қалай болғанын айтты
Көктайғақ, тұман: синоптиктер бүгінгі ауа райына байланысты ескерту жасады
Бүгін Қазақстанның 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Сирияда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 400%-ға көбейеді
Көкшетауда 4 жасар бала 39 магнит жұтып қойған
Өткен жылы елдегі стационарларда 3,4 млн астам пациент емделді
Әзербайжан ТЖМ қазақстандық құтқарушыларды марапаттады
Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды
Елордадағы емханаларда Face ID жүйесі енгізілді
“Бұл өнердің шегі жоқ“. Каллиграфия арқылы әлемдік брендтерге ұсыныс алған қазақ қызы
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсті?
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды