23 қазан – қар барысы күні: Ерекше аң туралы не білеміз

Қар барысы Халықаралық табиғатты қорғау одағының (ХТҚО) Қызыл тізіміне енгізілген және тіршілік ететін барлық 12 елде, соның ішінде Қазақстанда да сирек кездесетін немесе жойылып бара жатқан түр мәртебесіне ие. 23 қазан – Халықаралық қар барысы күні. Осы күнге орай "Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қар барысы туралы қызық деректер бөлісті."Қар барысы – мысық тұқымдастардың ерекше өкілі. Дене тұрқы 125 – 135 см, биіктігі 60 см (шоқтығынан алғанда), құйрығы 90 – 100 см, салмағы – 30-40 келідей. Түсі көк сұр, теңбіл шұбар, сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары бар, жүні ұзын әрі қалың. Олар кербез және биік тауларда мекендейді", - деп хабарлады табиғи парк Instagram-дағы парақшасында. Қар барысы туралы қызық мәліметтер: Барыс – мысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Қар барыстары 6 метрге дейінгі ұзындыққа және 3 метр биікке секіре алады. Қар барысы табылған ең биік жер теңіз деңгейінен шамамен 6 шақырым биік орналасқан. Қар барысы жойылып кетудің алдында тұрған аң ретінде "Қызыл кітапқа" енген. Қар барысының тағы бір атауы – ілбіс. Ол түркі тілінен аударғанда "қар мысығы" деген мағынаны береді. Қар барыстары қазірдің өзінде аз зерттелген. Себебі олардың мекендейтін ортасына жету қиын болғандықтан кез келген зерттеуді қиындатады. Қар барыстарының табаны – қысқа әрі бұлшықетті, ал құйрығы – ерекше ұзын. Ол қатты жүгірген немесе секірген кезде құйрығын "тізгін" ретінде пайдаланады. Ілбістердің ұзыдығы 2 метрге дейін жетеді (құйрығымен қоса есептегенде). Таутандар (ұрғашы қар барысы ) жылына екі рет төлдейді. Қар барыстары адамдарға бірінші болып шабуылдамайды. Қар барысы жүнінің түсінің арқасында қар басқан тауларда көзге түсе бермейді. Қар барыстарының қаншалықты ұзақ өмір сүретіні нақты белгісіз. Қазіргі зерттеулер олардың 20-25 жыл өмір сүретінін айтады. Қар барыстары – көшпелілер. Олар мыңдаған шаршы шақырым аумақты үнемі кезіп жүре алады. Қар барысы сырт көзге қабыланға ұқсайды. Алайда оның жүні сары емес, ақ түсті. Қар барыстары көмейінің ерекшелігіне байланысты ырылдап, мияулап, ұли алмайды. Қар барыстары жалғыз өмір сүреді. Олар тіршілік ететін аумағын қызғыштай қорғап, ешкімді кіргізбейді. Он екі мемлекеттік аумағында қар барыстарының популяциясы қорғау мәртебесіне ие. Аландар (қар барысының баласы ) балалар сияқты биік төбешіктерден сырғанағанды жақсы көреді. Қар барысы – ғаламшардағы биік тауларда өмір сүретін аңдардың бірі. Барыстар түнде тіршілік етеді. Алайда қажет болған жағдайда күндіз де белсенділігін сақтай алады. Әдетте барыстар үңгірлерде немесе құздардың жарылған жерлерінде өзіне апан жасайды. Сол жерде олар күндіз ұйықтайды. Қар барыстарының көзі өте жақсы көреді. Қар барыстарының табаны үлкен болады. Барыстар қалың қармен жүре алады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан футзалдан Еуро-2026 іріктеу кезеңінде жеңіске жетті
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
Доллардың өсуі ипотекалық бағдарламаларға қалай әсер етпек?
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды: 14 желтоқсан 2024, 11:28 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Балаға гаджеттерді қанша жастан бастап беруге болады?
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды
Тоқаев 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Президент 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгеріс енгізетін заңға қол қойды
Щучинскте монша өртеніп кетті
Ресейде Путин мен Назарбаев кездесті
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды
Түркістанда креативті хаб ашылды
Елде полиция күшейтілген режимге көшті
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емханаашылды
Сырым Исабаев өнерден не себепті алыстап кеткенін айтты
«21 жерден пышақ салған»: Семейде жас жігітті азаптап өлтірген тұрғын сотталды
Жетісуда қар құрсауында қалған екі адам құтқарылды
Жетісу облысында екі адам қар құрсауынан құтқарылды
Доллардың бүгінгі бағамы қандай
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаева өнерден алыстау себебін түсіндірді
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаев өнерден алыстау себебін түсіндірді
Орманшы болу оңай жұмыс емес