25 жасқа толмаған қазақстандықтар құмар ойындарын ойнай алмайды

Енді 25 жасқа толмаған қазақстандықтар құмар ойындарын ойнай алмайды. Ал несиесін уақытында төлемегендер ойын автоматтары мен бәс тігу орталықтарына тіпті аттап баса алмайды. Тәуелділіктің алдын алу үшін жауаптылар тағы қандай жолдарды қарастырмақ? Лудомания дертін қалай емдейміз? Әріптесім, тарқатып айтады. Жүзін жасырып, өзін Арман деп атауымызды сұраған бұл кейіпкер құмар ойынның құрығына студент кезінде түскен. Сөзінше, бастапқыда қызық үшін 500 теңгеге бәс тіккен. Бірақ кейін шырмаудан шыға алмай, тапқан табысының тең жартысын құмар ойынға жұмсай бастапты. Осылайша 11 жылдың ішінде лудоманияның кесірінен дос-жаран, туған-туыстарынан алыстаған. Себебі бәске тігетін ақша таппай, жақындарын бопсалай бастаған. Арман, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: 11 жылдың ішінде бір 10 миллионнан асатын шығар барлық ұтылған суммам. Қаржылық жағынан бөлек, осы 10 жылдың ішінде әке-шешеме, інілерім-қарындастарыма алып келген психологиялық травмалар өте үлкен. Әйелім екіқабат кезіндегі 3 рет больницаға түсті ауруханаға, балаға түсік жасауға деген симптомдармен. Ол кезде маған түссін, түспесін маған бәрі-бір болған. Лудомания психикалық ауытқуға соқтыратын сырқаттар санатына жатады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда шамамен 36 мың лудоман бар. Бейресми дерек бойынша олардың саны 350 мыңға жеткен. Ержан ЕРКІНБАЕВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Соңғы 2-3 жылдың көлемінде елде құмар ойындарымен байланысты қылмыстар жиілеп кеткенін атап өту керек. Жылдам байлықты, жеңіл ақшаны уәде ететін, ал нәтижесінде ұтылысқа әкеліп соғатын әдемі жарнама көптеген адамдардың несие мен қарыздарына батуына себеп болды. Телефон болса үйде отырып та, көлікте, көшеде жүріп те бәс тігу оңай. Қанша тігу де өз еркіңде. Мәселенің нақ шешімі тек ойын алаңдарын азайту ғана емес, сол ойынға басымен кіріп кеткендерді емдеу дейді мамандар. Айдос ИБРАХИМ, ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Менің орталығыма тіпті беделді қызметте істейтіндер бірнеше рет келді. Себебі олар толыққанды ем ала алмайды. Бір ай ғана демалыс алып, орталықта емделеді. Бұл жетпейді. Құмар ойынға тәуелді адам кем дегенде 8 ай тұрақты ем алу керек. Ол адамды мамандар 1 жыл бойы бақылауда ұстайды. Жауапты министрлік дерт дендеп бара жатса да, букмекерлік компанияларға мүлдем шектеу қоя алмаймыз деп отыр. Айтуларынша оның арты бұдан да үлкен мәселелерге алып келуі мүмкін. Сондықтан енді 25 жасқа толмаған қазақстандықтар құмар ойындарын ойнай алмайды. Ал несиесін уақытында төлемеген адамдар ойын автоматтары мен бәс тігу орталықтарына тіпті аттап баса алмайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді