Елімізде 2023-2024 оқу жылын 3,8 миллионнан астам оқушы аяқтайды. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.Ол 24 мамырда еліміздің барлық мектебінде 1-10 сынып оқушылары үшін "Білімім – Отаныма" атты тақырыпта бірыңғай сынып сағаты өтетінін, онда сынып жетекшілері оқушылармен бірлесіп өткен оқу жылын қорытындылайтынын айтты. "11-сыныптың 186 мың оқушысы үшін 25 мамырда "Мектебім, саған мың алғыс" атты шарада соңғы қоңырау соғылады!",-деді Наталья Жұмаділдаева.