Синоптиктер 25-27 наурызда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.Жоғары атмосфералық қысым алқабының әсерінен еліміздің көп бөлігінде ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз сақталады, тек жекелеген аудандарда түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз аздаған жаңбыр, желдің күшеюі, 27 наурызда еліміздің оңтүстік-шығысында жаңбыр күтіледі, таулы аймақтарда тұман болады. "Температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар күтілмейді. Республиканың батысында термометрлер бағандары: күндізгі уақытта 12-26 жылы, солтүстік-батыста 5-20 жылы, солтүстікте, шығыста және орталықта 2-15 жылы, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 13-25 жылы, таулы аймақтарда 8-13 жылыға жетеді", - делінген хабарламада.