26 жерінен пышақтаған: Италияда қатыгездікпен өлтірілген студенттің қазасынан кейін жаппай наразылық шерулері өтті

Италияда 22 жастағы студент Джулия Чеккетин аяусыз өлтірілді. Оның 26 жерінен пышақталған денесі бір аптадан кейін арықтан табылды. Бойжеткенді бұрынғы сүйіктісі 21 жастағы Филипп Туретта өлтірді деген күдікке ілінді. Жағдай бүкіл елде наразылық тудырып, халық жаппай митингке шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.“Новая газета Европа" басылымының хабарлауынша, 11 қарашада Италияның Падова қаласында 22 жастағы Филиппо Туретта өзінің бұрынғы ғашығы 22 жастағы Джулия Чекеттинді өлтірген. Ер адам оған 26 жерінен пышақ жарақатын алған. Қыздың полиэтиленге оралған денесі бір аптадан кейін көл маңындағы арықтан табылды. Кісі өлтіру оқиғасы қыздың үйінен 150 метр жерде ғана болған. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қыз аман қалу үшін онымен 25 минут бойы арпалалысқан. Қанша қашып кетуге тырысқанымен қаскүнем оны ұстап алып, пышақтап, көлікке тиеген. Қылмыс орнында полицейлер қан, жәбірленушінің шашы және жігіт қыздың аузын жапқан таспаны тапты.Сондай-ақ бұл оқиғаның куәгерлері полицияға хабарласқаны белгілі болды. Бірақ тәртіп сақшылары хабарларға жауап бермеген. Олардың бірі қыздың “сен мені ренжіттің!" дегенін ал жігіттің оны теуіп, жерге құлатқанын көрген. Филиппо оқиғадан кейін жасырынып қалған. Тек 19 қарашада Германияда табылды. Неміс полициясы оны тас жолда ұстап алған. Туретта қызды өлтіргенін мойындады. Оның айтуынша, қашу кезінде ол өзін-өзі өлтіруді бірнеше рет ойлаған. Неміс билігіне берілген жауап алу хаттамасында оның киімінде қан дақтарының ізі бары, ал қолдары мен тобықтарында жаралар бары айтылады. Жігіттің сөмкесінен полиция қызметкерлері он екі сантиметрлік ас үй пышағын, қолғап пен ұялы телефон тапқан. Сондай-ақ көлікте қан іздері және шамамен 300 еуро көлемінде қолма-қол ақша бар. Қыз қайғылы жағдайға дейін жігітпен байланыста болғысы келмейтінін айтқан екен. "Оның жоғалып кеткенін қалаймын, бірақ одан қалай құтылу керектігін білмеймін. Өйткені өзімді кінәлі сезінемін және ол қандай да бір жолмен зардап шегуі мүмкін деп қорқамын", – деген. Айтуынша, жігіт оған жиі келіп, "супер депрессияға ұшырағанын, тамақтануды тоқтатқанын, күндерін төбеге қарап өткізетінін, тек өзін-өзі өлтіру туралы ойлайтынын" жеткізген. Оқиғадан кейін елде жаппай наразылық акциялары болды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
Елімізде мереке күндері әуе рейстерінің саны артады
Жібек Құламбаева Үндістанда өтіп жатқан турнирдің ширек финалына жолдама алды
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді
Шетелдік туристерге Қазақстанның тәтті кәдесыйлары табысталады
Берік Асылов Мароккоға барып мәселе шешіп келді
Қазақстандағы қайырымдылық: сенім дағдарысынан қалай шығамыз?
Жазушылар одағының 90 жылдығы: әдебиет пен руханияттың дамуына үлес қосқандар марапатталды
Жазушылар одағының 90 жылдығы: түркі әлемінің рухани бірлігі мерейтойда дәріптелді
Қоғамдағы тұрақтылықтың қозғаушы күші
Қазақстан мен Қытай шекарасы екі күнге жабылады
Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі
Тәуелсіздік таңы атқан күн
Өзбек боксшысына кеткен "алтын" қазаққа қайтты
Маятниктік миграция
Әл-Фараби БОЛАТЖАН, дінтанушы: «Зайырлылық – қауіпсіздік кепілі»
Мүмкіндігін жіберіп алғандар үшін тағы бір мүмкіндік
Алматыда шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азамат қайта қамауға алынды