26 мыңнан астам педагог су тасқынына қарсы шараларға қатысуда

26 мыңнан астам педагог пен білім беру саласының қызметкерлері су тасқынымен күреске жұмылдырылған. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы айтты.«Оқу-ағарту министрлігі өңірлерде оқу процесін ұйымдастыру жұмыстарын жалғастыруда. Министрлік өкілдері Атырау, Қостанай, Ақмола, Маңғыстау және Абай облыстарының жағдайымен барып танысты. Су тасқыны басталған уақыттан 4 739 бала сауықтыру орталықтарына, колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларына және инновациялық мектеп-лицей интернаттарына орналастырылды. Сондай-ақ балалар мен ата-аналар үшін қосымша 8 мыңға жуық орын әзірленді. Оқушылар қажетті оқу құралдарымен, киіммен және тамақтанумен қамтылуда», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. Оның дерегінше, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде сапалы білім беруді ұйымдастыру үшін жоғары жылдамдықтағы интернет тартылуда. Қазіргі уақытта Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша 13 мектеп Starlink желісіне қосылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. «26 мыңнан астам педагогтер мен білім беру саласының қызметкерлері су тасқынына қарсы шараларға, оның ішінде жағалауды бекіту жұмыстарына қатысуда. 400-ге жуық мектеп психологы эвакуациялық пункттердегі балалар мен азаматтарға психологиялық көмек көрсетуде. Одан бөлек министрліктің бағынысты ұйымдары мен аумақтық департаментерінің 300-ден астам қызметкері балалардың оқу процесі мен сапалы демалысын ұйымдастыруда», - деді министрлік ресми өкілі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Александр Ольхов – «Жетісудің» қақпашылар бапкері 
Қайрат Сәтжанов: «Айбек Оралбай салмақты азайтып, өз мүмкіндігін арттырады»
Жаңа жыл қарсаңында билет тапшылығы қалай шешіледі?
Ильхам Алиев: Бұл қайғылы оқиға үлкен сынақ болды
Бибісара Асаубаева рапидтен әлем чемпионатында үздік ондыққа енді
Алматылықтарды сүйсіндірген патрульдік полицей
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Президент марапаттаған азаматтардың тізімі жарияланды
Ядролық медицина орталығы жылды қорытындылады
Қазақстан жастар құрамасы жер болды
Ақмарал Әлназарова қазақстандықтар алғыс айтты
Грузияның жаңа президенті қызметіне кірісті
Комитет төрағасы тағайындалды
Оңтүстік Корея бір апталық аза тұту жариялаls
Үш облыста ауа райының бұзылуына байланысты жолдар жабылды
Сенаторлар Алматы полициясында есеп беру кездесуін өткізді
Президент бір топ қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттады
«Мерейтойға барған»: Ұшақ апатынан бір отбасының 9 адамы ажал құшты
Құтқарушылар қар құрсауында қалған 5 адамды тапты
Маңғыстаулықтар Қырғызстан азаматтарын еліне шығарып салды
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев ұшақ апаты кезінде адамдарды құтқарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты
Еліміздің үш облысында жол жабылды
Ақтау маңында апат болған ұшақтың қара жәшіктері Бразилиядағы орталыққа жіберіледі
«Небәрі 29 секунд»: Ақтау маңында құлаған ұшақтың капитаны өлер алдында бір сөз айтқан
Ақтауда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе кемесінің қара жәшігі Бразилияға жіберілетін болды