27 наурызда алқабилердің қатысуымен Бишімбаев соты басталады

Астанада Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша басты сот талқылауы басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған: 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (аса қатыгездікпен адам өлтіру); 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (қинау). Ал ағасына көмектескен Бақытжан Байжановқа қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған: 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу); 434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау). Бұл істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарап жатыр. Бұған дейін өткен алдын ала тыңдау кезінде Қуандық Бишімбаев кінәсін мойындамады. Ал прокурордың айтуынша: Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың некелері ресми түрде тіркелмеген. Бишімбаев әйелінің барлық телефон қоңырауын бақылап, оған жұмыс істеуге тыйым салып, қаржылай өзіне тәуелді еткен. Қызғаныштан жүйелі түрде физикалық күш қолданған. 2023 жылдың наурыз айының ортасында Астанада Бишімбаев Нүкенованы соққыға жыққан. Салтанат Нүкенова ағасына бұл туралы айтқан. Ол оны Бишімбаевпен ажырасуға көндірмек болған, бірақ ол көнбеген. 2023 жылдың жазында Бишімбаев Нүкенованы Алматыға көшуге үгіттейді. Ол зорлық-зомбылық тоқтатылады деген үмітпен келіскен. Алайда ол оған физикалық күш көрсетуді жалғастыра берген. Қуандық Бишімбаев шешімді алқабилер қабылдағанын қалайтынын айтып, оның шешімі қанағаттандырылды. Ал жақында Мәжіліс алқабилер сотына қатысты жаңа ереже бекітті. Заң жобасы бойынша, қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралып, соңында алқабилер кеңесу бөлмесінде қалады. Депутаттар істі қарап отырған судья алқабилермен бір бөлмеде қалмауы керек деген норманы енгізіп отыр. Судья өзінің кабинетінде отыруы керек, алқабилер судьясыз шешім қабылдап, сол хаттаманы кәсіби судьяға табыс етіп, сол бойынша ол шешім шығаруы қажет.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Өткен жылы елдегі стационарларда 3,4 млн астам пациент емделді
Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды
Елордадағы емханаларда Face ID жүйесі енгізілді
“Бұл өнердің шегі жоқ“. Каллиграфия арқылы әлемдік брендтерге ұсыныс алған қазақ қызы
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсті?
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Әлемнің ең қарт адамы қайтыс болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы