Петропавл қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскен. Бұл туралы қалалық Полиция басқармасы хабарлады. н Соталды тергеу кезінде 28 жастағы ер адам 14 жастағы кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскені анықталды.Күдікті Петропавл қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды."Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 122-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді ("Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау"). Қазір істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.