Қазақстанда 2 бала қызылшадан көз жұмды. Екеуі де жасқа толмаған сәби. Қызылша жұқтырған 15 баланың жағдайы ауыр. Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі сәт сайын балаларды қадағалап отыр. Жалпы ел бойынша эпидемиологиялық жағдай әлі де алаңдарлық. Жыл басынан бері 28 мыңнан астам жағдай тіркелген. Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ: Ауырғандардың 83%-і 14 жасқа дейінгі балалар. Яғни, негізінен балалар арасында белең алып отыр. Олардың 80 %-і екпе алмаған балалар. Олардың дені вакцина алу жасына жетпегендер немесе екпеден бас тартқандар.