Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 6,35 теңгеге төмендеп, 448,39 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, Алматы уақытымен 12:00-де 65,41 (-65,41) теңгені құрады. Еуро бағамын Ұлттық банк белгілеген – 492,13 теңге, рубль – 5,94 теңге.Ақша айырбастау орындарында доллар 446-451 теңгеден, еуро 482-492 теңгеден, ресей рублі 5,6-6 теңгеден сатылуда. 29 наурызда мұнай аздап көтерілді. Brent маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстері барреліне 0,22%-ға қымбаттап, 78,31 долларды құрады, WTI мамырдағы фьючерстері 0,55%-ға өсіп, 73,6 долларды құрады.