Қарағанды және Ұлытау облыстарында 3 адам бірнеше күннен бері табылмай жатыр. Боранда із-түзсіз жоғалғандарды іздеуге ауа райының қолайсыздығы кедергі келтіріп тұр. Полицейлер мен құтқарушыларға ауыл тұрғындары да көмектесуде. Өңірден - Айжан Қуаш. Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ: Қарағанды облысының Шет ауданында 42 жастағы ер адам бірнеше күннен бері табылмай жатыр. Ол жаңа жыл түні Қарағалы ауылынан атпен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Іздестіру жұмыстарына құтқарушылармен бірге ауыл адамдары да жұмылдырылды. Алайда, боран мен қалың қар кедергі келтіруде. Дала жолдарын арнайы техниканың өзі аршып үлгермей жатыр. Мұхамед РАХЫМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ: Төтенше жағдай күштерімен 1981 жылы туылған азаматты іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Аталған азамат 2022 жылы 31 желтоқсанда Шет ауданы Жартас қыстағынан атпен белгісіз бағытта шығып жоғалып кеткен. Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары нәтиже бермеді. Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ: Ал Ұлытау облысында боранда жоғаоған екі бірдей шопан табылмай жатыр. Екеуі де мал қарауға шығып, адасып кеткен. 60 және 45 жастағы малшыларды құтқарушылар мен жергілікті атқарушы қызметкерлер бірлесіп іздеуде. Алайда 3-4 күннен бері хабар жоқ. Бауыржан АЛШЫНБАЕВ, ҰЛЫТАУ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНДА БАСҚАРУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Қазіргі таңда 6 қаңтар 2023 жылы төтенше жағдай департаментімін екі іздестіру- құтқару жұмыстары жүргізілуде. Біріншісі Кіші киік қыстағында жоғалған жұмыскер бойынша. Екінші жағдай бойынша Тоба қыстағында жоғалған қызметкер. Жоғалған адамдарды іздестіру жалғасуда. Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ: Боран күндері Қарағанды және Ұлытау облыстарында 5 адам жоғалды. Оның екеуі бүгін аман- есен табылды. Құтқарушылар ҚАЛҒАН жоғалған азаматтарды ертең тікұшақпен іздеуге шықпақ. Бұған дейін ауа райының қолаусыздығы оған мүмкіндік бермеген. Бірақ жердегі іздестіру. А. Қуаш