"3 айда 25 келі тастадым". Танымал журналист қалай арықтағанын айтты

Танымал тележүргізуші Аман Тасыған 3 айда қалай 25 келіге арықтағанын айтты. Бұл туралы Ләйлә Сұлтанқызына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Ләйлә Сұлтанқызы әріптесі Аман Тасығаннан шағын сұхбат алып "Не себепті салмақ тастағың келді?" деген сұрақ қойды."Телевидениеге деген махаббат. Алға мақсат қойдық, күрестік. Үш айда 25 келі салмақ тастадым. Осыдан 10 жыл бұрын. Артық салмақтан таңғы жаттығудың, жүру және диетаның, яғни дұрыс тамақтанудың арқасында арылдым. Бұрын 90 келі едім, соңғы бес жылда 73 келі салмақты ұстап тұрмын", – деп жауап берді Аман Тасыған.Тележүргізушінің артық салмағымен әлі де күресіп жүргенін жеткізді. "Жоқ, менде күнде күрес. Ет жеймін, бірақ нан, тәтті, газдалған сусындарды ішпеймін. Абай атамыз "Қарыны тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын" десе, мен "толтырар адам баласын" дер едім. Өйткені қозғалыс болмаған соң адам толып кетеді. Досым, әріптесім Ерқанат Көпжасарға салмақ таста деп кеңес берер едім. Кішкене жиналу керек", – дейді тележүргізуші.Ләйлә Сұлтанқызының айтуынша, артық салмақтан арылу ерік жігер мен қажырлы қайтартты талап етеді. Сондай-ақ ол осы мәселеге қатысты сұрақтарға жауап бере алатынын да айтты."Армандар әрекетке әкеледі. 3 айда 25 келі. Аман Тасығанды көрмегелі біраз болып еді. Әңгімелесіп үлгердік. Айтпақшы, әріптесім біраз салмақ тастады. Еңбек пен мотивацияның, мамандығына деген сүйіспеншілігінің арқасында. Артық салмақпен әбден алысып, түбі жеңген адамдардың сөзі. Формуласын айтайын ба? Спорт, дұрыс тамақтану, шыдамның нәтижесі сіз армандаған фигура. Артық салмақ тастаудың жолын білмей жүрсеңіздер, бізден сұраңыздар", – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматының қоғамдық орындарында 24 дербес кітапхана орнатылды
Қазақстанда валюталық операцияларды бақылаудың жаңа ережелері енгізіледі
Петропавлдағы ЖЭО-де апат болды
Астанада есірткіні насихаттайтын 200-ден астам сайт бұғатталды
Шайх-Хасан Жазықбаев, генерал-майор: Армияда жастарға үлгі болар азаматтар көп
Қорғасын зауыты қалдығынан құтылады
Универсиада: Үшінші жарыс күні ел құрамасы үшін сәтті аяқталды
Алматылық педагогикалық әдіскер мамандар халықаралық тәжірибеден өтті
Тасқын турасында тағы да шу
Ақтөбедегі үш адамды кепілге алған қанды оқиға: тірі қалған әйел жансақтау бөлімінде жатыр
Қазақстанда валюталық операцияларды бақылаудың жаңа ережелері енгізіледі
Фандомат – пайдалы құрылғы
«Жас еңбекшілер» жобасы басталды
Семей әуежайы амбулаториялық лифт берілді
«Қазақстандағы №1 емші»: Шымкент тұрғыны халыққа онлайн дем салып, емдеп жүр (ВИДЕО)
Жемқорлықты жүгендеудің жаңа құралы
Ұлытауда жоғалған малшы табылды
Қазақстандық кілемдер әлемдік нарыққа шықты
Орнықты дамудағы ортақ мүдде
Белгілі актер Жахан Отарғалиев үшінші рет отау құрмақ
19 киік жануарын тасымалдаған қызылордалықтар құрықталды
Петропавлдағы ЖЭО-де апат болды
Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 дербес кітапхана орнатылды
Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова туралы кітаптың тұсаукесері өтеді