3 айда бюджетке 4,5 триллион теңгеге жуық кіріс кірді: Қаржы министрі Президентке есеп берді

Мемлекет басшысы Қаржы министрі Мәди Такиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.Президентке мемлекеттік қаржының негізгі параметрлері, оның ішінде биылғы І тоқсанда жұмсалған республикалық бюджет қаражаты туралы есеп берілді. Осы ретте 3 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 4,5 триллион теңгеге жуық кіріс кірген. Қасым-Жомарт Тоқаевқа өнімсіз бюджет шығындарын оңтайландыру жұмыстары жөнінде мәлімет берілді. Мәди Такиевтің айтуынша, жүргізілген сараптама нәтижесінде биыл 300 миллиард теңгеден астам соманы қысқарту ұсынылған. Бұл қаражат экономикалық қайтарымы барынша жоғары шараларға жұмсалады. Мемлекет басшысына бюджетті басқару тиімділігін арттыру бағытында қабылданып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Аталған шаралар жаңа Бюджет кодексіне енгізілген. Бұдан бөлек Президентке салықтық-кедендік әкімшілендіру ісіндегі жаңа бастамалар таныстырылды. Министрдің айтуынша, жаңа Салық кодексінің жобасында салықтық әкімшілендірудің сервистік моделі енгізілген, тексерулер санын қысқарту жөніндегі нормалар қарастырылған, камералық бақылау және салық берешегін өндіріп алу тәсілдері өзгертілген. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдермен кедендік шекарасындағы инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жөнінде ақпарат берілді. Жобаның жүзеге асырылуы өткізу мүмкіндігін 6 есеге дейін ұлғайтып, өту уақытын 2 есе қысқартуға, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарын тексеру ісін тәулік бойы онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді. Барлық өткізу пунктін реконструкциялау жұмыстарын жыл соңына қарай аяқтау жоспарланып отыр. Мәди Такиев мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау жоспары жөнінде айтты. Оның мәліметінше, «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң жобасында сатып алу рәсімдерін жеңілдету және бюрократиядан арылту, құрылыс нарығында монополияға жол бермеу, барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымның сатып алуларын бірыңғай платформаға көшіру көзделген. Кездесу соңында Президент мемлекеттік қаржының жағдайын жақсарту, атап айтқанда, бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру салаларын цифрландыру арқылы жетілдіру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұшақ апаты: 9 ресейлік еліне қайтты
«Бұрынғы күйеуі денесін алуға кетті»: Динара Сәтжан ұшақ апатынан қаза тапқан нотариус туралы айтты
Астана тұрғыны заңсыз жеңгетайлықпен 2 миллиард теңгеден астам қаражат тапқан
Қазақстанда шаштараз және сұлулық салондарының қызметтері қымбаттады
Брокколи мен қырыққабат аллергияның алдын алады
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматы-Өскемен тас жолында желден жүк көлігі аударылып қалды
Ақтау әуежайы апатқа ұшыраған ұшақты қабылдауға дайын болды – Көлік министрі
Жоғары аудиторлық палата 2024 жылғы жұмысының қорытындылары
Сот вайнер Шерниязовтың өтініші бойынша шешім шығарды
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Медиасауатты дамыту, Euronews кеңсесі: ақпарат саласы бойынша биылғы жылдың маңызды оқиғалары
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Ақтау әуежайы ұшақты қабылдауға дайын болды – Марат Қарабаев
Маңғыстаулықтар зардап шеккен әзербайжандықтарды шығарып салды
Ұшақ апатынан қаза тапқан 38 адамның 10-ын туыстары танып, жеке басы анықталды