3 жасар бала көлік моторына арналған сұйықтықты ішіп қойған

Шымкентте 3 жасар бүлдіршін мотор сұйықтығын ішіп, ауыр халде ауруханаға түсті. Баланың аузы, өңеші, асқазаны күйіп қалған деп хабарлады turkystan.kz. Otyrar.kz сайтының мәліметінше, анасымен бірге ауруханада жатқан 3 жасар Арман білместіктен тежегішке арналған сұйықтық ішіп қойған. Ол бірден ауырып, ата-анасы жедел жәрдем шақырған. Бала ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер сәбидің ауыз қуысы, өңеші және асқазаны қатты күйіп қалғанын анықтады.«Менің күйеуім көлік жөндеуші, сондықтан бұл сұйықтық үйде болды. Балам оны абайсызда ішіп қойған», – деді баланың анасы. Дәрігерлер де балаға қатты токсикалық улану диагнозын қойған. Емдеуден кейін сәбидің жағдайы жақсарып, палатаға ауыстырылды. «Бала бізге екі күн бұрын келді. Қазір бактерияға қарсы препараттар, түрлі жақпа майлар алып, ем алып жатыр», – деді Гипербарикалық оттегімен қамтамасыз ету орталығының токсикологы Марат Кәкенов. Ал жуырда сірке қышқылын ішкен 5 жасар нәресте ауыр халде гиперборлы оттегімен қамтамасыз ету орталығына түскен. Оның ауызы мен өңеші күйіп қалған. Бірақ қазір ол өз бетімен тамақтанып жатыр, жағдайы қанағаттанарлық. Дәрігерлер ата-аналардан каустикалық сұйықтықтарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтауды сұрайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы Тедди Ринер ауруханаға түсіп қалды
Михаил Габышев «Шахтерға» қайтып оралды
Оливер Кан футбол клубын сатып алмақ
Терроризмді насихаттаған әрі есірткіні заңсыз пайдаланған Алматы тұрғыны сотталды
Бірер күн бұрын ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне кіріскен Нұрлан Ермекбаев Президенттің қабылдауында болды
Алматыда IT-экожүйені дамытуға 10 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды
Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі жаңғыртылуда
Оңтүстік Корея ресми түрде "ең қарт қоғам" санатына енді
Астана маңында орын алған ЖКО-дан 86 адам,оның ішінде 14 бала құтқарылды
Астанада және Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
Елордада автокөлік ұрлаған адам ұсталды
Қазақстанда алдағы үш күнде қар жауып, күн суытады
2025 жылдың бірінші күні елімізде 9 егіз дүниеге келді
Қаңтардағы ҰБТ қай күндері өтеді?
"Лас, қауіпті және еш сиқыр жоқ": Асаубаеваның Нью-Йорктен көңілі қалды
Қар аралас жауын, көктайғақ: 4-6 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды
1 қаңтардан бастап некеге тұрмас бұрын генетикалық тест тапсыру міндеттелді
Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді
Ернар Айдар әкесі туралы жантебірентер жазба жариялады
Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 11 адамды құтқарды
Жаңбыр және қар: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
«Қызғаншақ ене болуым мүмкін»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлы туралы айтты
Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысын қабылдады
Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді