3 күннің ішінде 200 интернет алаяқтық анықталды

Алматыда инстаграм желісі арқылы айфон маркалы телефонды сатпақ болып, адамдарды 15 миллион теңгеге тақырға отырғызған алаяқ ұсталды. Дәл осылай интернет арқылы алдайтындар азаймай тұр. Жыл басынан бері 12 мыңнан астам кибер қылмыс тіркелген. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше кибер қылмыстарды ашудың күрделілігі олардың трансшекаралық сипатына байланысты. Көбіне алаяқтар еліміздің басқа өңірінде немесе шетелде отырып алып айлаларын асырады. «Hi-tech» деп аталатын жедел тексеру жұмыстары кезінде небәрі 3 күн ішінде 200 қылмыс ашылған. Көбіне олар бағалы тауарды арзан бағаға сатады немесе тез жеткізіп береміз деп сендіреді. Осылайша адамдардан толық не жарты бағасын көрсетілген есепшотқа төлеуді сұрайды.Рүстем ДҮЙСЕТАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ОРТАЛЫҒЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Банк қызметкері болып хабарласатындар да жиі кездеседі. Күдікті операцияны айтып сендіріп, оны блоктау үшін картадағы мәліметтерді және оның артқы жағындағы үш таңбалы кодты сұрайды. Одан әрі алынған мәліметтердің көмегімен интернет-банкинг қосылып, шоттағы ақша ұрланады. Немесе алаяқтар ақшаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұсынып, іс жүзінде ақшаны оларға тиесілі резервтік сақтандыру шотына аударады. Сондықтан күдікті қоңырауларға жауап бермей, жеке ақпараттарыңызға сақ болыңыздар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың ерлігіне тағзым етті
Қазақстанда жемқорлардың тізімі жарияланады
Астанада баласын вокзалға тастап кеткен әйел табылды
Алматы көру және есту қабілеті бұзылған адамдар үшін кедергісіз кітапханалар жасауда
Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 автономды кітапхана орнатылды
Биылдан бастап ваучерлік қаржыландыру жүйесі ел аумағында кезең-кезеңімен енгізіле бастайды
Алматыда жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі тексерілді
Адам өміріне ара түскен дәрігерлер
Алматыда бос жатқан аумақта мұз айдыны бар жаңа сквер ашылды
Алматыда шоқындыру рәсімі күні суға түсуге арналған 10 орын белгіленді
Алматыда Ішкі істер министрі Тәлімгерлер кеңесімен кездесті
Өткен жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 1,1 млн астам қызмет алды
2025 жылы елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған
Былтыр еліміз тұрғын үй құрылысы саласында рекордты көрсеткішке қол жеткізді
Алматылық 75 жетекші мен әдіскер мектепке дейінгі білім берудің халықаралық тәжірибесін меңгерді
Пәтер бағасы тағы қымбаттауы мүмкін
Елорда колледждерінде «Жас еңбекшілер» жобасы іске қосылды
Депутат: 2 мың баламен жұмыс істейтін әлеуметтік педагогтің айлығы - 118 мың теңге
«Технологиялық хайп»: депутат көлікті 5 минуттан артық қыздыру нормасына қатысты пікір білдірді
15 қаңтарға арналған ауа райы болжамы: жел күшейіп, тұман түсіп, қар жауады
Нартай Аралбайұлы еден жуушы, вахтер, аспаздың жалақысын көтеруді ұсынды
Түркістан облысында полиция жол бойында жолаушыдан 2 келі есірткі тәркіледі
Оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады – ауа райы болжамы
Президент Оңтүстік Корея екінші әрекетте тұтқындалды