3 мыңнан астам ерікті Ақмола, Ақтөбе облыстарында үйлерді ретке келтіруге көмектесіп жатыр

3 мыңнан астам ерікті Ақмола, Ақтөбе облыстарында су тасқынынан кейін үйлерді ретке келтіруге көмектесіп жатыр. Жиһаздарды сыртқа шығарып, ауланы тазартып, қолғабыс етуде. ӨРКЕН МЫРЗАБЕК, ТІЛШІ: Біз тұрған мына Иванковка ауылында 108 үй бар. Оның 67 су басқан. Қазір еріктілер жиһаздарды сыртқа шығаруға жәрдемдесуде. Айта кетейік мұнда қоныстанған халық саны -167. Наталья Гридасова Иванковка ауылында 46 жылдан бері тұрады. Тасқынның салдарынан үйіне кіре алмай қалғанын айтады. Осы қиын кезеңде қол ұшын берген еріктілерге алғысын айтуда. Наталья ГРИДАСОВА, ТҰРҒЫН: Бізге көмек беріп жатқандарыңызға көп рахмет. Жастар үйімізді тазалауға, ауыр жиһаздарды сыртқа шығаруға көмек беріп жатыр. Маржан ЖОЛДАСОВА, ЕРІКТІ: Әрқайсымыз секторларға бөлініп әрбір үйден жиһаздарды шығарып кептіру керек заттарды шығарып халықтың алғысын алып жатқан жайымыз бар. Сондай-ақ 30 ға жуық ерікті су басқан үйлерді ретке келтірумен қатар, гуманитарлық көмекті үлестіруге жәрдемдесті. Олар тұрғындарға бір апта бойы қызмет көрсетеді. Ақерке ИСКАНДИРОВА, "АМАNАТ" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Қазіргі таңда су кетіп тұрғындар үйлеріне қайтып келіп жатыр. Сондықтан жалғызбасты қарияларға, жалғызбасты аналарға жұмыстарына көмектесуге келдік. Дәл осындай жұмыс Абай облысында, Қостанай облысында, Ақтөбе облыстарында бастау алды. Ақтөбенің Қобда ауданында 94 үй апатты жағдайда деп танылды. Үйі суға кеткен 254 баспананы арнайы комиссия қарап шыққан. 170 тұрғын үй бағалаудан өткен. Бүгінде бес тұрғынға келтірілген шығын өтелген. Нұрмұхаммед БАҚЫТҰЛЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АОФ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ: Ең бірінші Шұбар ауданына барып, ол жақта мән-жайды біліп, ол жақтағы үйі суға кеткен отбасыларға көмектестік. Одан кейін эвакуациялық жұмыстар жүргіздік. «Біз біргеміз!» қоғамдық қорымен бірге гуманитарлық көмекті алып оларды үлестіріп, жан-жаққа бөліп және Ақтөбе облысында зардап шеккен отбасыларға түрлі аудандарға бөліп, үлестірдік. Жалғызбасты зейнеткер Екатерина Нұржұманованың үйіне қарғын су түнде келген. Қария сол сәтте ештене алып үлгермепті.Барлық дүние мүлкі судың астында қалыпты. Қазір әжей уақытша туыстарының үйінде тұрып жатыр. «Жастар рухы» Жастар қанатының еріктілері келіп, жәрдем бергеніне қария дән риза. Екатерина НҰРЖҰМАНОВА, ҚОБДА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мен дән ризамын. Еріктілерге рахмет! Мынаның барлығын далаға шығарып, сосын тазарту керек. Оған өзімнің әлім келмейді. Еріктілер үйдегі ауыр заттарды сыртқа шығарып, үйдің ішін түгел тазалап шықты.Бұл жастар өңірлрде тасқын басталғалы дамыл таппай тәулік бойы жұмыс істеп жүр. Нұрмұхаммед БАҚЫТҰЛЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АОФ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ: Осы бізде Ақтөбе облысында жағдай қабылданғаннан бастап ең бірінші Шұбар ауданына барып, ол жақта мән-жайды біліп, ол жақтағы үйі суға кеткен отбасыларға көмектестік. Одан кейін эвакуациялық жұмыстар жүргіздік. «Біз біргеміз!» қоғамдық қорымен бірге гуманитарлық көмекті алып оларды үлестіріп, жан-жаққа бөліп және Ақтөбе облысында зардап шеккен отбасыларға түрлі аудандарға бөліп, үлестірдік.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жаңа жылдық жұмыс: Аяз ата мен Ақшақарлардың табысы қанша?
Қазақстанда қатерлі ісікті ерте диагностикалауға арналған үш бірегей радиофармпрепарат шығарыла бастады
Қазақстанның 2024 жылғы ең үздік жас шахматшылары анықталды
Ақтөбеде жоғалып кеткен адам аман-есен табылды
Қазақстанда қатерлі ісікті ерте диагностикалауға арналған үш бірегей радиофармпрепарат шығарыла бастады
Харбин-2025: Қазақстан құрамасы Азия ойындарында қандай форма киетіні белгілі болды
Семейде жеке тұрғын үйде өрт шықты
2025 жылы Қазақстанда тағы 10 жол ақылы болады
Қостанай облысында жолаушылар мінген автокөлік қар құрсауында қалып қойды
Маңғыстау облысында 600 адам балық аулаумен айналысады
Атырауда балық шабақтары қырылып жатыр
IX Қысқы Азия ойындары: министрлік ұлттық құраманың спорттық формасын таныстырды
Қазақстанның 2024 жылғы ең үздік жас шахматшылары анықталды
Әнші Ернар Айдардың әкесі өмірден өтті
Қанат Шарлапаев Атыраудағы вагон жасайтын зауыттың қызметімен танысты
Жаңа жылдық жұмыс: Аяз ата мен Ақшақарлардың табысы қанша?
Мұрат Нұртілеу Кипрдің сыртқы істер министрімен сөйлесті
Ақтөбе облысының құтқарушылары далада адасып кеткен жұмысшыны бір тәулік бойы іздеді
Абай облысында үздік педагогтар марапатталды
Балалар колониясында шырша мерекесі өтті
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік бастама бастау алды
Ұлытау облысында жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойды
Семейде зейнеткерді көлік қағып кетті
Бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаеваға 5 млн теңге табысталды