30 жыл елмен бірге!

30 жыл елмен бірге! 1993 жылдан бастап эфирге шыққан арна жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың жанашыры болып келеді.Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Менің арманым орындалды. Қазір бала күннен өзім сүйіп көретін телеарнаның қызметкерімін. Қарап отырсам, осы уақыт ішінде «Астана» телеарнасында біраз өзгерістер болыпты. Техника жаңарды, мүмкіндіктер көбейді. 30 жыл ішінде талай өзгеріс болды. Телеарна алға қадам басты, өсті. Талай мықты мамандардың тәжірибе алаңына айналды. Форматы жаңарып, көрерменнің көзайымына айналды. Аят МАРҚАБАЕВ, «ASTANA TV» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ БАС РЕЖИССЕРІ: 2022 жылдың күзінен бастап біз жаңалықтардың форматын өзгерттік. Яғни, біз жаңалықтардың бұрыңғы шапкасы қою көк түс пен ақ болса, қазір оны ақшыл көкке ауыстырдық. Жаңалықтағы жүргізушілер бұрын отырып жүргізетін болса, қазір тұрып жүргізетін болды. Өйткені бізге 9 метр лед қойылды. Салтанат ТИШБЕК, «ASTANA TV» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ SMM МАМАНЫ: Бізде жақында сайтта өзгеріс болды, жаңарды, ақпараттық порталға айналды. Сайтымыздан күнделікті ең өзекті жаңалықтарды оқып, біле аласыздар. Жақында біздің екінші ютуб каналымызға 100 мыңға жуық көрермен жиналды. Яғни, біз күміс батырмамызға ие болдық. «Астана» телеарнасы салмақты саясат, өнер мен руханиятқа толы мәдениет саласын қамтиды. «АstanaTimes» - күннің басты жаңалықтарын баяндайды, «Sarap Times» аптаның қорытындысын шығарады. Ал, Президент пәрмені – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын назарда ұстайды. Арнайы шығарылым мен жақында жарыққа шыққан «Ащы шындықты» да телеарнадан көре аласыз. Айдос ТҰРЫСБЕК, «ASTANA TV» ТЕЛЕАРНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мерейтой қарсаңыздағы көктемгі маусымды біз жаңа әлеуметтік ток шоумен бастадық. «Ащы шындық» деп аталады. Бұл бағдарламаға өзінің шешілмей жүрген проблемалаы бар, әлеуметтік, отбасылық проблемаларын өздері шеше алмай жүрген әйелдер қауымы осы бағдарламаға жүгінеді. Түрік телехикаяларының тағы бірін эфирге шығарамыз. Бұл да біздің көрермен үшін жақсы сый болады деп ойлаймын. Өйткені, біздің телеарна эксклюзивті құқығы бар, Қазақстан аумағанда көрсетілмеген, сиясы кеппеген деп жатамыз ғой, әлі де түсіріліп жатқан, сол елдерде таспаға енді ғана түскен телехикаяларды көрерменге ұсынамыз. Көрерменді қызықтыратын дүние көп. Арнамыз қосулы болсын! Астананың айтары бар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың есімі жарияланды
Бізге керегі – заң мен тәртіп
Қара жәшік табылды
Қанат Бозымбаев ұшақ апаты туралы мынадай деректерді ұсынды
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына қайда хабарласу керек
2025 жылы еңбек демалысын қай айда алған тиімдірек? Біле жүріңіз!
Қураған ағаштан келер қауіп көп
Сауда үйінің қызметкері көмек сұраған зейнеткердің ақшасын ұрлап алған
Түркі жұртына ортақ тұлға
«Дарынды бала болды». Мұғалімдер ұшақ апатынан көз жұмған оқушы туралы айтты
Насыр – үздік баяншы
Қазақстанда жаңа 2 000 теңгелік банкноталар пайда болады
«Әуе апаты кездейсоқ болмайды»: Экс-шенеуніктің жазбасы елді ойландырып қойды
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорына қатысты тергеу аяқталды
Сөздегі емес, істегі нәтиже маңызды
Теңіздің екінші тынысы ашыла ма?
Бізге керегі – заң мен тәртіп
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады
Шаттыққа толы шыршатой
Жол үстінде көліктерін “билеткен“ павлодарлық жүргізушілер жауапқа тартылды
Көшпелі жиын өтті
Мәжіліс биылғы жұмысын қорытындылады