30 тамыздан бастап жол ережесін бұзған самокат пен мопед жүргізушілері айыппұл төлейді

Әйкерім ПЕРНЕБЕК,ТІЛШІ: Тура бір айдан кейін электросамокат пен мопедтті тізгіндеп, жол ережесін бұзатын болсаңыз айыппұл арқалайсыз. Сондықтан ережені осы бастап, қаперіңізге құйып алыңыз. Жасыңыз 18-ге толуы керек. Кез келген санаттағы көлікті басқару құқығын растайтын жүргізуші куәлігі болуы шарт. Жолда жылдамдықты сағатына 25 шақырымнан, ал тротуарда 6 шақырымнан асыруға болмайды. Жаяу жүргінші жолындағы белгіленген жылдамдықтың сыйқы осы. Адамдардан да қалып қоясың. Сағатына 6 шақырыммен жүріп қалада ұзаққа бара алмадық, ал жылдамдықты асырсақ, тұрғындар не дейді екен. Көрейік. Бірі алаңдап кеңестерін айтса, енді бірі қатаң ескертулер жасады. Ал веложолақта көп тұрғын артта не алдында келе жатқан көлік құрылғыларын байқамайтын көрінеді, тіпті ескерту қоңырауларын елемегендері де бар. Арсен ШАКУОВ,ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Жұмыс барысында мопед тізгіндейтін жүргізушілерден сауалнама алдық, тіпті жолда көріп қалып, тоқтатып сұраған кездерім болды. Олар веложолақта жүру ыңғайсыз және соқтығысу қауіпі жоғары екенін айтты. Сондықтан бұл өзгерістер тек жақсы жағынан әсерін тигізуі қажет. Ресми статистикаға сүйенсек, жыл басынан бері мобильді көлік жүргізушілері 10 мыңға жуық жол қозғалысы ережелерін бұзған. Айыппұлдың жалпы сомасы 70 миллион теңгеден асты. Электросамокат пен мопедтердің қатысуымен 250 жол-көлік оқиғалары болып, 100-ден аса адам дене жарақаттарын алса, 10 адам қаза тапты. Салтанат ӘЗІРБЕК,ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ: Осы самокаттарды, мопедтерді тізгіндеген адамдарға қатысты арнайы ережелердің талаптардың пайда болуы бұл еліміздің ең ірі мегаполисі ғана емес, басқа да өңірде жол жүру процессін тұрақтандыруға көмектеседі. Жазатайым жағдайға тап болып, айыппұл арқаламас үшін ережені үйреніп алған жөн.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Роза Рымбаеваға Абай облысының құрметті азаматы атағы табысталды
Тоқаев әкесінің атындағы мектепке барды
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Ақтөбе облысында 500 тұрғын үй салынды- қорытынды жаңалықтарда (13.12.2024)
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
"Тіл – тәуелсіздік тұғыры": елордада мерекелік іс-шара өтті
Астанада қала ішіндегі мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Теміртауда 6 жастағы бала суға кетіп, көз жұмды
Алимент төлеуден жалтару деректері бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды
Алматы - арман қала: шаһарға келген туристерді не қызықтырады
Алматы метросында қаза тапқан жігіт жайлы деректер пайда болды