30 тамыздан ереже бұзған электр самокаттары айып тұрағына жеткізіледі

22 маусымда Сенат «Жол қозғалысы туралы» ҚР Заңының жаңа редакциясын мақұлдады. 29 маусымда Президент тиісті заңға қол қойды. Құжат алғаш ресми жарияланғаннан 60 күн өткен соң, яғни 30 тамызда күшіне енеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Енді келер айдың соңынан бастап электр самокаттардың қозғалысына қатысты қолданылуы мүмкін шараларға тоқталсақ. Заңда көрсетілгендей, ең жоғары жылдамдығы сағатына 25 километрден аспайтын көлік құралы «электр самокат» деп танылады. Олардың қозғалысы үшін де тиісті орындар айқындалады. Сондай-ақ олардың жүргізушілеріне тиісті шектеулер қойылады. Шарттар мен ережелерді сақтай отырып: - электр самокаттардың жолдың жүріс бөлігінің оң жақ шетімен қозғалуына рұқсат етіледі; - жүргізуші 18 жасқа толған болуы тиіс; - көлік құралын басқаруға құқық беретін кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы шарт; - шлем кию міндетті. - қараңғы уақытта қозғалу кезінде басқа көлік құралдарының жүргізушілеріне көрінуі үшін жарық түсіретін белгілер орнатылуы қажет. - тротуар немесе жаяу жүргіншілер жолымен сағатына 6 километрден аспайтын жылдамдықпен жүру шарт; Ережені бұзған электр самокат жүргізушілеріне Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне және Жол қозағалысы ережелеріне сай жаза қолданылады. Яғни, талаптарды елемегендердің самокаты айып тұрағына да қойылуы мүмкін. Бұдан бөлек, басқа құзыретті органда тіркелген көлік құралдарының «Жол қозғалысы туралы» Заңда көзделген талаптарға сәйкестігін тексеру үшін ішкі істер органдары қызметкерлерінің көлік құралдарын тоқтатуының негіздерін белгілейтін түзетулер енгізілді. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, жүргізуші куәліктерін және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындау саласында мемлекеттік монополия енгізілмек. Бұл қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығы ҚР ІІМ жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына беріледі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан ерлер құрамасы Швецияны ойсырата жеңді
Актер Рүстем Жаныаманов Інжілді қазақша дыбыстауына не себеп болғанын түсіндірді
Қазақ қызы UFC сапына қосылуы мүмкін
Биіктегі батылдық: Яан Роозе тағы таңғалдырды
Еліміздің 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Титан батискафында қайтыс болған миллиардердің әйелі мұрасыз қалды
Жұмыс жасау, жұмыс істеу: қай нұсқа дұрыс?
Бірнеше қалада ауа ластанады
Жауын-шашын, көктайғақ: 13 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Қызылордада коммуналдық қызметкерлер еріген қар суын шелекпен тасып жүр (ВИДЕО)
Эстонияда қарлы боран салдарынан 17 мың үй жарықсыз қалды
Той үстінде төбелескен екі даяшы ұятқа қалды (ВИДЕО)
Тюбингпен сырғанау: әрбір адам білуі керек қауіпсіздік ережелері
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
Алматының индустриалды аймағында былтыр 10 жаңа жоба жүзеге асты
Ақтауда жеңіл көлік ойын алаңына соқтығысып, кішкентай баланы қағып кетті
Мүшел жас несімен қауіпті? Этнограф мүшел ұғымы жайлы көп білмейтін құпияны ашты
13 қаңтарда ауа райы қандай болады
Испания Суперкубогы финалында “Барса“ “Реалды“ ойсырата ұтты
Францияда екі пойыз соғылып, 20 адам зардап шекті
Хабиб Нурмагомедов стюардессамен сөзге келіп қалған соң рейстен қуылды (ВИДЕО)
«Қайрат қызғанбай ма екен?». Жұлдыз Әбдікәрімованың видеосы көпшілікті ойландырып қойды
Неліктен целлюлит әйелдерде жиі кездеседі?
«ҰБТ-ға көмектесіп жүр: Оқушыларға сабақ берген 93 жастағы кейуана көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)