"300-ден аса тұрғын таза су күтіп отыр". ШҚО әкімі қызметкерлеріне сөгіс берді

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев бірқатар маңызды тапсырманың орындалу барысын пысықтаған алқалы жиында таза ауызсумен қамту және «Таза Қазақстан» бағдарламаларының жүзеге асырылуына жауапты лауазымды тұлғалардың жұмысын қатаң сынға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазановтың ақпаратын тыңдаған облыс әкімі жиынға бейнебайланыс арқылы қатысып отырған аудан әкімдерінің әрқайсынан, сондай-ақ залдағы өзінің орынбасарлары мен басқармалардың басшыларынан жұмыстың мән-жайын білді. Белгілі болғандай, әкімдердің бәрі бірдей тұрғындарды таза ауызсумен қамтудың маңызын жіті түсінбейтін сияқты немесе бұл жұмысты орындауға аса күш салмай отыр. Соның салдарынан облыста 300-ден астам адам әлі күнге техникалық жұмыстардың аяқталуы мен таза ауызсудың жеткізілуін күтіп отыр. Себептер әртүрлі – коммуналдық шаруашылықтарда қаржының жетіспеуінен бастап жұмыс үдерісінің созылып кетуі мен жауапты мамандардың сылбыр әрекетіне дейін жобаны дер кезінде орындауға кері әсер еткен көрінеді. Жауапсыздықтың кесірінен үш жүзден астам тұрғын әлі күнге таза су күтіп отыр! Бұл уақытта олар құдықтан және басқа көздерден алған тіршілік нәрін тұтынуға мәжбүр. Ал ол судың таза екеніне ешкім кепілдік бермейді! Ендеше сол суды шынайы зерттеп, көрсетіңіздер, сіздердің мәселені шешпей созып жүргендеріңіздің салдарынан адамдардың қандай су ішіп отырғанын көрсін, – деді Ермек Көшербаев. Сондай-ақ өңір басшысы елді мекендердің тазалығы мен қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мәселесіне ерекше назар аударып, «Таза Қазақстан» тұрақты жүзеге асырылуға тиіс жобалардың бірі екенін атап өтті. Аймақ басшысы кейбір лауазымды тұлғалар мен аудан әкімдері тазалық мәселесі маңызды міндеттердің бірі екенін әлі де дұрыс түсінбейтініне қынжылыс білдірді. Әкім бұл мәселеде ешқандай да себеп пен сылтау болмауға тиіс екенін қатаң ескертті. Әсіресе, ол бұл жұмысқа жауапты тұлғалардың сылбырлығын сынға алды. Кейбір лауазымды тұлғалар тіпті мәселені шешудің байыбына бара алмай отыр. Нақты ұсыныстар мен жобалар бар, жұмыс жүргізудің тәсілдері де бар, тіпті қоқысты өңдеуді ұйымдастыруға қажетті қаражат та бар. Ал олар қол қусырып басшылыққа қарап отыр! Бұл ұзаққа созылуы мүмкін, бірақ біз оған жол бере алмаймыз. Еліміздің Президенті бұл бір реттік акция емес екенін анық ескертті емес пе! Біз өңірдің тазалығы мен көгалдануын ұдайы назарда ұстауымыз керек, міне Мемлекет басшысы бізге осындай міндет қойып отыр. «Таза Қазақстан» ол отандастарымыздың алдындағы үлкен жауапкершілік екенін ұғынуымыз керек, - деді әкім. Белсенді жұмыс істей алмаған қызметкерлерін қатаң сынға алған аймақ басшысы бірқатар лауазымды тұлға мен аудан әкіміне сөгіс берді. Сонымен қатар Ермек Көшербаев үш күн уақыт ішінде жұмыстың барысына нақты талдау жасап, барлық жобаны осы жылдың тамызына дейін жүзеге асыруды шегелеп тұрып тапсырды. Айта кетейік, өңірде халықты таза ауызсумен қамту және «Таза Қазақстан» жобалары іске асырылып жатыр. Шығыс Қазақстанның елді мекендерін ауызсумен толық қамтамасыз ету үшін екі жылда 17,5 млрд теңгеге 16 жоба жүзеге асырылатын болады. Оның ішінде биыл 3440 адамды қамтитын сегіз жоба аяқталса, 2025 жылы 4060 адамды қамтитын сегіз жоба тиянақталады. Сонымен қатар облыста «Таза Қазақстан» жобасы аясындағы жұмыстар да үздіксіз жалғасып жатыр

Читать источник astanatv.kz/kz/
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?
Оралда жолаушылар автобусы өртенді
Боран болады: 23 желтоқсанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді