Жыл басынан бері үш жүзден астам алматылық "AMANAT" партиясының облыстық филиалынан көмек сұрады. Партияның мобильді қоғамдық қабылдау аясындағы кездесулер барлық ауылда өтті. Тұрғындар тек жеке мәселелері емес, ауылдағы өзекті проблемаларды қозғады. Қайназар ауылында коммуналдық проблема көп. Тұрғындар жылдар бойы елдімекенге ауыл мәртебесін ала алмай келеді. "Осының кесірінен барлық мәселелерді өз бетімізше шешуге мәжбүрміз", - дейді. Аслан КӨБЕНТАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Негізгі жобаның мақсаты – ауыл тұрғындарының, саяжай тұрғындарының облыс орталығына сандалмай, аудан орталығына сандалмай, осы жерге келіп, тиісті басқармалар, бөлімдер бар, сонымен қатар, республикалық қоғамдық бақылаудан мамандар келіп отыр, сол кісілермен бірге осы халықтың өтініштерін, талап-тілектерін тыңдап, оларды алдағы уақытта оңтайлы шешуіне жұмыс жасауды қарастырып отырмыз. Ал атыраулықтар Жайық өзенінен қауіп төніп тұр, деп дабыл қағуда. Махамбет ауданына қарасты Бейбарыс ауылының халқы өзен жағасының жылына екі метрге дейін құлап, ауылға жақындап келе жатқанына алаң. Қалыбай МЫРЗАҒАЛИЕВ, БЕЙБАРЫС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 150-200 метрдей қалды ауылдың проетісіне кіруіне. Қарап отырсаң, осы арадан. Мал да құлап. Былтыр көктемде су теңесіп тұрады ғой жармен бірдей болып, құлайды, үстінен түсіп жігіттер жиналып, көмектесіп, құтқардық. Ал дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жәнібек Қапуанов жылдар бойы ауыл жастары спортпен айналысатын ғимаратқа қолы жетпей жүргенін айтады. Жәнібек ҚАПУАНОВ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Жазда ойнайтын газонымыз бар. Ол да демеушілердің атымен салынған 2022 жылы салынған осы газон. Сосын мектептің залы. Ол оқушыларға арналған. Ол жерде ауыл жастары айналыса алмайды спортпен. Сол мәселе ауылға ФОК керек бізге. Бес жүзге тарта түтіні бар ауыл тұрғындарының шағымы көп. Мобильді қоғамдық қабылдаудың болатынын естіп, жеке және ауылға ортақ мәселелерді айта келді. Алпамыс ӘБЕНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ КОНСУЛЬТАНТЫ: Жергілікті тұрғындардың көтерген мәселелері ол инфрақұрылымдық даму мәселелері, мектеп құрылысы және баспанамен қамтамасыз ету. Мобилдік қоғамдық қабылдаудың басты мақсаты жергілікті көтерілген мәселелерді тиісті деңгейде көтеріп, құзырлы мемекеттік органарға жеткізу. Көптеген мәселелер бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Мысалы айтқанда, конкурстық және жобалық сметалық жұмыстар дайындау бойынша. Аудан әкімдігінің мәліметінше, 3 ауылдың аумағындағы Жайық өзені жағасын бекіту жобасы бойынша 30 млн теңгеге жобалық-құжаттама жасақталуда. Бірақ құрылыстың нақты қашан басталатыны белгісіз. Дене шынықтыру -сауықтыру ғимараты бойынша да дәл осындай жағдай.