Синоптиктер болжамына сәйкес, термометр бағандары түнде температураның ауытқуын, ал күндіз температураның айтарлықтай жоғарылауын көрсетеді:батыста, оңтүстікте +25 + 30°С дейін, елдің солтүстігінде +20+25°С дейін, оңтүстік-шығыста +23 + 29°С дейін. "Республика аумағының басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашынның тоқтауы және күнделікті ауа температурасының көтерілуі күтіледі. Тек қиыр солтүстікте, шығыс аймақтарда және оңтүстік-шығыс тауларында ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі, мұнда атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) өтеді",-делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.