"Қазгидромет" РМК мамандары Zakon.kz тілшісіне алдағы үш күнге – 2024 жылғы 13 ақпан мен 15 ақпанға дейінгі ауа райы болжамын ұсынды.Синоптиктердің мәліметінше, елімізде ауа температурасының құбылуы күтілуде. "13-14 ақпанда фронтальды учаскелердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, солтүстік облыстарда қатты қар жауады, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Сондай-ақ батыста -5+5°С, солтүстік, орталық шығыс облыстарда -5+2°С дейін көтеріледі", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.