«3,5 мың арыз түскен»: Алматыда интернет-алаяқтарға алданғандар саны көбейді

«3,5 мың арыз түскен»: Алматыда интернет-алаяқтарға алданғандар саны көбейді

Алматыда интернет-алаяқтарға алданған тұрғындар саны артқан. Электрондық коммерцияның дамуымен қатар интернет-алаяқтық қарқын алып келеді. Алматы қаласы сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің өкілдері интернет-алаяқтықтан сақтану жолдарын ескертті. Департаментте киберқылмыскерлердің құрбаны болған тұрғындардың шағымы жылдан жылға артып келе жатыр. Жыл басынан бері департаментке азаматтардан 3500-ден астам өтініш келіп түскен. Кәсіпкерлерге қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізілді және сәйкесінше 120 әкімшілік хаттама жасалған. Ал тұтынушыларға 90 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды. «Бүгінгі таңда тұтынушылар құқығын қорғау саласында көптеген шағым келіп түсуде. Көбінесе тұтынушылардың құқығы электрондық сауда саласында бұзылады. Бұл ретте жосықсыз кәсіпкерлер тарапынан алаяқтық фактілері бар. Сонымен қатар азаматтар «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларымен жеткілікті түрде таныс емес, бұл олардың кәсіпкерлер тарапынан заңды құқығы мен мүддесінің бұзылуына алып келеді», - деді Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Бимурзаев.Азаматтарды қорғау мақсатында Сауда және интеграция министрлігі мен аумақтық сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменттері өз кезегінде тұрақты негізде консультативтік-ағарту жұмыстарын жүргізетінін айтып өтті.Сондай-ақ Алматы қаласының департаменті қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен ашық есік күндерін, өз құқығы мен заңды мүддесін қорғау мәселелерінде тұтынушының құқықтық сауаттылығын арттыру үшін азаматтарды қабылдауды тұрақты негізде өткізіп келеді. «Кәсіпкерлер үшін электрондық сауданың әлеуеті зор, өйткені біз қарқынды дамып келе жатқан технологиялар кезінде өмір сүріп жатырмыз және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды пайдаланатын тұтынушылар саны күн сайын артып келеді. Артықшылықтары ретінде шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа инновациялық жобаларды ашу, сондай-ақ бұрыннан бар компанияларды жаңғырту, көлеңкелі айналымды қысқарту, халық пен кәсіпкерліктің құқықтық және цифрлық сауаттылығын жақсартуды атап өткен дұрыс», - деді Н. Бимурзаев. Тұтынушылардың жосықсыз кәсіпкерлерден алдануы азаймай отыр. Пошта арқылы тұтынушы тапсырыс берген өнім мүлдем келмейді немесе сапасы жарнамада, интернет-сайтта көрсетілген өніммен сәйкеспейді. Алаяқтықтың ең көп таралған түрі – сайттар мен әлеуметтік желілердегі жарнамалар. Автокөлік аксессуарларын, смартфондар мен басқа да жабдықтарды, киім мен аяқ киімді, тапсырыс бойынша жиһаз сатып алушылар интернет-алаяқтарға жиі кездеседі. Спикер сонымен қатар әлеуметтік желі не интернет-дүкен болсын, алаяқтарға тап болу мүмкіндігі бірдей деп атап өтті. «Алаяқтар өз құрбандарын қалай тартады? Ең алдымен, негізсіз төмен бағамен алдайды. Тауарларға тапсырыс беру кезінде көбінесе жедел төлем терминалымен белгілі бір виртуалды әмиянға ақша салу арқылы алдын ала төлем жасауды сұрайды. Ары қарай дүкен бірнеше күн бойы сылтау айтып, сізге тауарды жедел жеткізуге уәде береді, содан кейін із-түзсіз жоғалады немесе сапасыз тауар жібереді. Алдын ала төленген өнімді сатып алар кезде, есте ұстайтын нәрсе – сенімді интернет-дүкендер сізден виртуалды әмиянға немесе ұялы телефон шотына ақша аударуды сұрамайды. Интернет желісінен дүкен туралы ақпаратты іздеңіз, оның нарықта қанша уақыт болғанын тексеріңіз. Егер сіз ірі дүкендер желісі не өзіңіз білетін компанияның сайты арқылы тапсырыс бермек болсаңыз, браузердің мекенжай жолағында ресурстың мекенжайын дұрыс жазғаныңызға көз жеткізіңіз», - деп кеңес берді Н. Бимурзаев. Сондай-ақ тауар сатып алмас бұрын, дүкен әкімшілігінен заңды тұлға туралы деректерді сұратып, алынған ақпаратты салық органдарының жалпыға қолжетімді дерекқорлары мен заңды тұлғалардың тізімін пайдаланып тексеру қажет. «Онлайн сауда жасамас бұрын, басқа сатып алушылардың пікірлерімен танысыңыз. Дегенмен кей қылмыскер қосымша есептік жазбаларды қолдана отырып, өздері туралы оң пікірлер қалдыра алатынын ұмытпаған жөн. Интернет желісін пайдаланып іздеңіз. Іздеу формасына сатушының телефон нөмірін немесе желілік бүркеншік атын енгізу арқылы, бұл деректердің қолма-қол ақшаны ұрлау және сатып алушыларды алдау мақсатында пайдаланылғанын анықтауға да болады», - деп атап өтті спикер. Сонымен қатар сатып алушылар әрдайым тауардың құнына назар аударуы керек, егер баға нарықтық бағадан едәуір төмен болса, онда бұл күдік тудыруы керек. «Заңның 24-бабына сәйкес сатушының Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен бақылау-касса машиналарының болуы, сондай-ақ бақылау-касса машиналарының орналасқан жерінде қазақ және орыс тілдерінде ақпарат орналастыруға міндетті. Фискалдық чек ұсынылмаған жағдайда тұтынушы мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуге құқылы. Айта кету керек, тұтынушы тауарды өз еркімен таңдайды және сатып алуды жүзеге асырады, сондықтан сатушының деректемелері мен байланыс деректерін анықтау жауапкершілігі тұтынушының өзіне жүктеледі. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган электрондық саудаға жосықсыз қатысушыларын іздестіру іс-шараларын жүргізбейді. Алаяқтық және тұтынушыларды алдау фактілері бойынша интернет-алаяқтарын іздестіру іс-шараларын ішкі істер органдары қарайды», - деп еске салды. Алматы қаласы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері «жедел желі» арқылы және азаматтарды жеке қабылдау кезінде тұтынушыларға сатушыға қатысты ары қарай әрекет ету, олардың заңды мүдделері мен бұзылған құқықтарын қорғау жолдары туралы кеңес береді. Мемлекеттік органға өтінішті e-Otinish бірыңғай ақпараттық платформасы, Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жіберуге болады, немесе 8 (727) 392-21-83 жедел желісі бойынша қоңырау шалуға, сондай-ақ тұтынушылар Алматы қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктерге көмек пен кеңес алуға құқылы.

  Ақшаны табатын да, ұстайтын да – Райм: Ерке Есмахан отбасына қатысты бір құпияны ашты
Ақшаны табатын да, ұстайтын да – Райм: Ерке Есмахан отбасына қатысты бір құпияны ашты
  • aikyn
«Майқайыңалтын» кенішінде  жұмысшы қаза тапты
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
  • el.kz
Хоккей: Ұлыбританияға кеткен Қазақстан құрамасының үш ойыншысы елге қайтып келді
Хоккей: Ұлыбританияға кеткен Қазақстан құрамасының үш ойыншысы елге қайтып келді
  • bassport.kz
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Дәрі-дәрмек емдей ме?
  • aqshamnews
Парламент президентке импичмент жариялады
Парламент президентке импичмент жариялады
  • aqshamnews
Футбол алаңынан саясат алаңына
Футбол алаңынан саясат алаңына
  • aqshamnews
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
  • aqshamnews
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
  • aqshamnews
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
  • aqshamnews
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
  • aqshamnews
Экс-футболшы Грузия президенті боп сайланды
Экс-футболшы Грузия президенті боп сайланды
  • penalty
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
  • aqshamnews
Грузия жаңа президентін сайлады
Грузия жаңа президентін сайлады
  • baq.kz
Азаматтығын ауыстырған ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан чемпионы атанды
Азаматтығын ауыстырған ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан чемпионы атанды
  • penalty
  Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сотқа мерзімінен босату туралы шағым түсірген
Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сотқа мерзімінен босату туралы шағым түсірген
  • aikyn
Екі облыста жолдар жабылды
Екі облыста жолдар жабылды
  • el.kz
Оралда құтқарушылар 6 сиырды жұқа мұздың үстінен эвакуациялады
Оралда құтқарушылар 6 сиырды жұқа мұздың үстінен эвакуациялады
  • Massaget
Ертең еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Ертең еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
  • turkystan
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
  • aqshamnews
Атырауда жол апатынан үш адам зардап шекті
Атырауда жол апатынан үш адам зардап шекті
  • baq.kz
«Майқайыңалтын» кенішінде  жұмысшы қаза тапты
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
  • el.kz
Соғым FEST: Астаналықтарға жүз тоннадан аса соғым етін ұсынды
Соғым FEST: Астаналықтарға жүз тоннадан аса соғым етін ұсынды
  • baq.kz
  Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу турнирінде жеңіске жетті
Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу турнирінде жеңіске жетті
  • aikyn
Рудныйдағы аялдамада Түркістан облысының 4 жасар баласы табылды
Рудныйдағы аялдамада Түркістан облысының 4 жасар баласы табылды
  • Massaget
Магический разбор выходных
Магический разбор выходных
  • Smi24
Нұрәлі Әліп 500 мың еуроға қымбаттады
Нұрәлі Әліп 500 мың еуроға қымбаттады
  • sport12.kz
Дамир Рыспаев депутатпен төбелесіп қалды (ВИДЕО)
Дамир Рыспаев депутатпен төбелесіп қалды (ВИДЕО)
  • penalty
Магомед Адиев Қазақстан құрамасының ӘЧ-2026 іріктеуіндегі мүмкіндігін бағалады
Магомед Адиев Қазақстан құрамасының ӘЧ-2026 іріктеуіндегі мүмкіндігін бағалады
  • penalty
Грузияда бұрынғы футболшы президент атанды
Грузияда бұрынғы футболшы президент атанды
  • sn.kz
Дзюдодағы "юко" ұпайы қайтарылады
Дзюдодағы "юко" ұпайы қайтарылады
  • penalty
Боксшы Садриддин Ахмедов АҚШ-та жарқын жеңіске жетті (ВИДЕО)
Боксшы Садриддин Ахмедов АҚШ-та жарқын жеңіске жетті (ВИДЕО)
  • penalty
Президент бюджеттік түзетулерді бекітті
Президент бюджеттік түзетулерді бекітті
  • turkystan
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Президент әкесі Кемел Тоқаев атындағы мектепке барды: 13 желтоқсан 2024, 13:13 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Президент әкесі Кемел Тоқаев атындағы мектепке барды: 13 желтоқсан 2024, 13:13 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Майкл Джексонның жария етілмеген 12 әні жазылған кассеталар табылды
Майкл Джексонның жария етілмеген 12 әні жазылған кассеталар табылды
  • sn.kz
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
  • sn.kz
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
  • el.kz
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты жайып салды
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты жайып салды
  • sn.kz
Шымкент саябағында танымал фастфуд дәмханасы отқа оранды
Шымкент саябағында танымал фастфуд дәмханасы отқа оранды
  • Otyrar
Танымал бьюти-блогер өзіне қол жұмсады
Танымал бьюти-блогер өзіне қол жұмсады
  • turkystan
Бұрынғы футболшы Грузия президенті болып сайланды
Бұрынғы футболшы Грузия президенті болып сайланды
  • turkystan
Абай облысында әскери бөлім өкілі әріптесін пышақтап тастаған
Абай облысында әскери бөлім өкілі әріптесін пышақтап тастаған
  • halyq-uni