350-ден астам ауыл, кент және ауылдық округ әкімдеріне тікелей сайлау өткізу көзделіп отыр

"2023 жылдың саяси күн тәртібін өткен жылдағыдай Президент белгілеген саяси реформалар векторы айқындайды". Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин биыл Қазақстанда қандай саяси реформалар болатыны жайлы айтты. " Бірінші кезекте, бұл ел Конституциясын жаңарту жөніндегі республикалық референдум қорытындыларын іс жүзінде іске асыруды көздейтін шараларға қатысты болмақ" деп жазды ол телеграм парақшасында. Мемлекеттік кеңесші атап өткендей, 1 қаңтардан бастап сайлау заңнамасы мен сайлау жүйесіне қатысты бірқатар жаңа өзгерістер күшіне енеді. Ауыл әкімдерінің корпусын жаңарту жалғасады. 350-ден астам ауыл, кент және ауылдық округ әкімдеріне тікелей сайлау өткізу көзделіп отыр.ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ: Бір мандатты сайлау округтері мен тиісті сайлау комиссияларын құру процесі басталады. Аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері енді өз өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асырады. Бұл сайлау рәсімдерінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа жылда 2022 жылдың күзінде басталған жаңа сайлау циклі жалғасады. 14 қаңтарда Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы өтеді, содан кейін бірінші жартыжылдықта саяси жүйені үдемелі қайта жүктеудің президенттік жоспарына сәйкес Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуі тиіс. Алдағы сайлау науқаны мүлдем жаңа ережелер мен нормалар бойынша өтетінін атап өткен жөн. Р. Бақытжанқызы

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?
Оралда жолаушылар автобусы өртенді
Боран болады: 23 желтоқсанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді
Пиротехниканың қауіптілігі туралы ТЖМ құтқарушылары айтып берді
Қарағандылық жолшылар жүк көлігін апаттан құтқарды
Щучинскте монша өртенді
Семейде бас шыршаның шамын жағу рәсімі кейінге қалдырылды
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бақыт Сәрсекбаев бокстан ұлттық құрамаға оралды
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады