352 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

2024 жылғы 1 маусымда 352 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.Еңбекмині мәліметінше, 2024 жылғы 1 маусымда 66,5 мың отбасындағы 352,2 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 60,8 млрд теңге қарастырылған. Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару. АӘК мыналарды көздейді: - табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% - нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау; - табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2024 жылғы 1 маусымда АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 108,2 мың балаға 2,5 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды; - жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және өзге де шаралар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. Қазір қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
“20 миллиондық торт“. Блогер Дархан жұбайының тойына қанша ақша кеткенін айтты
Президент Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты тапсырма берді
Жаңа жылда неше күн демалыс бар?
Дәрігер адам өмірін 11 жылға ұзартатын кеңес ұсынды
Павлодар облысында моноқалаға жаңа әкім тағайындалды
СҚО мен Шэньси провинциясы 93 млрд теңгеге меморандумға қол қойды
“20 миллиондық торт“. Блогер Дархан жұбайының тойына қанша ақша кеткенін айтты
Қоғамдық орында кальян шеккендерге 25 млн теңге айыппұл салынды
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Елімізде сұйытылған газдың көтерме бағасын сақтау жоспарланып отыр
«Балалар қараңғыда қайтады»: әнші Жазира Байырбекова бұрынғы сағатты қайтаруды ұсынды
Көкшетауда өрт кезінде бір адам құтқарылды
Түркістан облысында түрме офицерін үш бастығы ұрып-соққан
Президент Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты тапсырма берді
Президент Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты шұғыл шара қабылдауды тапсырды
Украина төңірегіндегі жағдай ушықты: Тоқаев тапсырма берді
«Ерке Есмаханның бір бөлшегі сіздермен бірге болады»: әнші оқырмандарын қызықтырып қойды
Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты тапсырма берді
Жаңа жылда неше күн демалыс бар?
Азия чемпионатына баратын боксшылар белгілі болды
Шығыс Еуропа Кубогы: қазақстандық шаңғышылар алғашқы күнінде алты медаль жеңіп алды
Өрт шыққан үйде қалып қойған көкшетаулық тұрғын құтқарылды
Ақпан айында айқасайық! Жәнібек Әлімханұлы Канелоға жекпе-жек уақытын ұсынды
Yandex Qazaqstan компаниясының басшысы тағайындалды