385 мың қазақстандық кредит алудан өз еркімен бас тартқан

Биыл ақпан айынан бері Қазақстанның 385 мың азаматы кредит алудан өз еркімен бас тарту тетігін қолданған. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов мәлімдеді.Ол өз еркімен қарыз алудан бас тарту туралы норма осы жылы ақпанда күшіне енгенін атап өтті. «Қазіргі таңда, қателеспесем, 385 мың қазақстандық осы мүмкіндікті пайдаланды. Бұған қоса біз несиелендіру кезіндегі тәуекелдерді азайту туралы заң аясында қаржы ұйымдарының қосымша жауапкершілігін белгіледік. Егер банктер мен микроқаржы ұйымдары өз еркімен кредиттен бас тартқан адамдарға несие рәсімдесе, олар бұл кредитті есептен шығарып, несие тарихынан алып тастауға міндетті», - деді Қизатов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, биылғы бірінші тоқсанда берілген микрокредиттердің жалпы көлемі 525 млрд теңгені құрады. Яғни өткен жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда 2,5 пайызға азайған. Бірақ Қизатовтың пікірінше, ерікті түрде несиеден бас тарту туралы норманың бұған еш қатысы жоқ. «Біздің ойымызша, бұл ерікті түрде бас тарту туралы норманың әсері емес, маусымдық сипатқа ие. Жалпы норма алаяқтық транзакциялардың санын қысқартуға бағытталған», - деді төраға орынбасары. Айта кетері, Қазақстан азаматтары өз атынан кредит және микрокредит алуға ерікті түрде тыйым сала алады. Оны eGov mobile мобильді қосымшасында немесе eGov.kz электронды үкімет порталында жасауға болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Үш каратэшіміз әлемнің үздіктері қатарына енді
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Апта басында елімізде валюта бағамы өзгерді
«Жапониядан 600 миллиард қарыз алдық»: Мақсат Толықбай Үкіметтің бюжетті жоспарлай алмай отырғанын айтты (ВИДЕО)
“90 жылдардағы бандит“. Атақты продюсер күйеуі жайлы ел білмейтін ақпаратты айтты
Жыл басынан бері әлеуметтік төлемдерге 633,4 млрд теңге төленген
Қазақстан өзбек азаматын Ресейден экстрадициялады
Елордада мұз айдыны мен сырғанақтары бар жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
23 желтоқсандағы доллар, еуро және рубльдің бағамы жарияланды
Шырша безендірген мұғалім жарақат алды: Аймағамбетов бақылауды күшейтуді ұсынды
"Таза Қазақстан" экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
Футзалдан Қазақстан кубогының топтық кезеңіндегі 2-тур ойындары өтті
Алматыда қылмыс жасаған өзбекстандық Ресейде ұсталды
Семейде шырша құру кезінде биіктен құлаған мұғалімнің жағдайы белгілі болды
Алматылықтарды 3,7 млрд теңгеге алдап соққан Өзбекстан азаматы экстрадицияланды
Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды
Аса ірі алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадацияланды