Елімізде жыл басынан бері 39 жолаушы құқық бұзушылық жасағаны үшін әуерейстерінен түсірілді. Polisia.kz. таратқан ақпаратқа сәйкес, жолаушының 16-сы алкогольдік ішімдік ішіп, масаң күйде жүрген, бесеуі әуе кемесінде мінез-құлық қағидаларын бұзған, қалғаны түрлі тәртіпсіздік жасаған.Дәулет МОЛДАХАНОВ, КӨЛІКТЕГІ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Тексеру барысында көлік сақшылары масаң күйінде болған және ұшақ бортындағы қауіпсіздік ережелеріне бағынбаған Түркістан қаласының 37 жастағы тұрғынын анықтады. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 566-бабы 1-бөлігі бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылып, 8 айлық есептік көрсеткіш (27 600 тг) мөлшерінде айыппұл салынды. Естеріңізге сала кетейік, азаматтардың әуе кемесінің бортында мінез-құлық ережелерін бұзуы қалған жолаушыларға қолайсыздық келтіріп қана қоймай, ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.