Батыс Қазақстан облысында өткен жылы 4 адамнан менингококк инфекциясы анықталды. ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші 0,60 құрады. Тіркелген жағдайлардың барлығы 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталып отыр.Менингококк инфекциясы – әртүрлі клиникалық көріністері бар ең ауыр жедел жұқпалы аурулардың бірі.