Астанада өткен тұрғындармен кездесуде Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин еліміздегі балалар өліміне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz."Көбіне баланың көпқабатты үйдің терезесінен, құлауы, жабдықталмаған жерде шомылу және көміртегі тотығымен улану сияқты жайттар қайғылы оқиғаларға әкеледі. Негізгі себеп - балаларды ата-аналары мен ересектерінің қарауынсыз қалдыру. Жыл басынан бері ғана ел бойынша балалардың терезеден құлауының 20 фактісі, Астанада балалардың жарақат алуының үш фактісі тіркелген", - деді министр. Юрий Ильин балалардың қайтыс болу қаупін ескере отырып, ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды және олардың қауіпсіздігі бойынша шара қабылдауды сұрады. Сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрі ересектер белгілі бір деңгейде баланың жағдайына жауапкершілік алуы керек деп есептейді."Баласынан айырылған ата-ананың әрекетін мораль жағынан әңгімелеп, сынай алмаймыз. Бірақ белгілі бір қорытындыларға келеміз. Біздің заңнамада бәрі бекітілген. Бірақ мұндай баптар баласынан оқыс жағдайда айырылып қалғандарға қатысты жүре бермейді. Дегенмен бірнеше жағдайларды көре келе, белгілі бір деңгейде біз, ересектер, ата-аналарға қандай да бір баламызға болған жағдай үшін жауапкершілік артылуы керек деп ойлаймын",-деді Министр Юрий Ильин.