"4 айында шетінеп кеткен ұлыма арналған": Сейфуллин Жолбарыс белгілі "Хафиз" күйінің авторы екенін айтты

Белгілі әнші, композитор Сейфуллин Жолбарыс ел арасында кеңінен танымал "Хафиз" күйінің авторы екенін мәлімдеді. Бұл туралы өнер иесі "Хабар" арнасындағы "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты.Әншінің айтуынша, 1998 жылы шыққан "Хафиз" күйін ең алғаш рет Асылбек Еңсепов орындаған. Бүгін де бұл туындысы халық арасында кеңінен танымал. Алайда көпшілік күйдің авторы Сейфуллин Жолбарыс екенін біле бермейді.Сондай-ақ жұрт күйдің шығу тарихын білмегендіктен, кей жерлерде орынсыз қойылып жүр."Бір қарасам "Хафизбен" ет тартып жатыр, бір қарасам Түркияда мода көрсетіп жатыр. "Хафиз" – ең бірінші ұлым дүниеге келіп, төрт айлығында шетінеп кеткен кезде сондағы мұң, қайғыдан өмірге келген туынды. Сондықтан бұл қайғылы музыка", - дейді Сейфуллин Жолбарыс.Өз кезегінде желі қолданушылары да белгілі күйдің авторы Сейфуллин Жолбарыс екенін естігенде таңғалған. "Сейфуллин күй шығарған ба?", "Хафиз керемет күй, ол күйді Секен Тұрысбеков немесе басқа күйші шығарды деп ойлағам", "Әр күйдің тарихын білген дұрыс", - деп жазды пікір қалдырушылар.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ТЖМ қызметкерлері Қарағандыда өрт кезінде 6 адамды құтқарды
Ауыр атлетика: Әлем чемпионаты қалай өтті?
Бүгін – Тәуелсіздік күні
Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қазақстан болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді – Тоқаев
Қоғам қайраткерлері қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Синоптиктер 19 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
Кімдерге ет жеген дұрыс? Дәрігер жауап берді
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанда Тәуелсіздік есімді қанша адам бар?
16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Жолда қалған 15 жолаушы құтқарылды
Қыста көлікте кондиционерді не үшін қосу керек екенін білесіз бе?
«Мен қазақпын»: Астанада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Түркістанда полиция 200-ден астам жүк көлігіне көмектесті
Адам қанша литр шай ішкеннен кейін өліп кетуі мүмкін?
ТЖМ қызметкерлері Қарағандыда өрт кезінде 6 адамды құтқарды
Алматының коммуналдық қызметтері қардың түсуіне байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеуде
Жас спортшылар патриоттық челлендж ұйымдастырды
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Еліміздің "Үздік акушері" анықталды