"4 баламыз сақталып тұр": Тұңғышын 10 жыл күткен қазақстандық келіншек ЭКО арқылы қалай босанғанын айтты

"4 баламыз сақталып тұр": Тұңғышын 10 жыл күткен қазақстандық келіншек ЭКО арқылы қалай босанғанын айтты

Бүгінде бедеулік те, белсіздік те үкім емес. Табиғи жолмен балалы бола алмайтын жұптар ЭКО бағдарламасының көмегімен перзент сүюде. Әлемдік статистикаға көз жүгіртсек, ЭКО арқылы 50-60% әйел бала көтерсе, оның 25-30%-ы сәбилі болады екен. Stan.kz тілшісі 10 жыл бойы перзент сүйе алмаған қазақстандық келіншекпен тілдесті. Сондай-ақ репродуктолог маман көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді.Қызылорда облысының тұрғыны Жұлдыз Тәженова ЭКО бағдарламасымен перзент сүйген аналардың бірі. Кейіпкеріміз ЭКО-ға не себепті жүгінгенін және емделу барысында қандай қиындықтарға тап болғанын баяндады. “Менің жатырымдағы екі түтікше де бітеліп қалған екен. Оны қанша емдеттік, бірақ бәрі сәтсіз аяқтала берді. Негізі 2012 жылы бала көтергенмін, бірақ су кетіп, 6,5 айлығында шетінеп кетті. Сөйтіп қыз бала өлі туды. Қанша емхананың табалдырығын тоздырдық. Ем алып жүріп тағы екі рет бала көтердім, бірақ екеуі де түсіп қалды. Сөйтіп еш нәтиже болмаған соң ЭКО-ның көмегіне жүгіндік.  Жұлдыздың бірінші жасаған ЭКО процедурасы сәтті өтіп, бірден жүкті болған. “Жүктілік кезінде айтарлықтай қиындық болды деп айта алмаймын. Жүктілік жақсы өтті. 4 айға дейін күтініп, көбіне төсектен тұрмайтынмын. Кейін дәрігерлер сыртқа шығып, таза ауада жүруге рұқсат берді. Іштегі бала 6 айлық болғанда ауылға қайттым. 7-айда ісік, қан қысымы пайда болды. Сөйтіп дәрігерлер 8,5 айда ота жасап кесарь тілігімен Қызылорда облыстық Ана мен бала орталығында босандырып алды. Қыз бала дүниеге келді. Негізі құрсағымда егіз бала болатын. Бірақ ЭКО жасағаннан кейін 13 күннен соң егіздің біреуі түсіп қалды”, – дейді Жұлдыз. ЭКО жасауға ерлі-зайыптының 6 миллион теңге қаражаты кеткен. “Себебі біз квотасыз жасаттық. Қажетті анализдерді сол жерде ақылы тапсырдық. Дәрі-дәрмегіміз тағы бар. Онда өз пәтеріміз болмағандықтан пәтер жалдауға тура келді. Осылардың бәрін қосқанда 6 миллион теңге кетті”, – дейді кейіпкер. Ұйқысыз түндер мен дәрігерлердің қажырлы еңбегінің арқасында Жұлдыз 32 жасында Алияш есімді қыз баланы дүниеге әкелді. Ата-анасы аңсап күткен бүлдіршін қазір 1 жастан асқан. Кейіпкеріміз алдағы уақытта да балалы болуға ниетті. “Алдағы уақытта тағы да ЭКО жасату ойымызда бар. Себебі біздің 4 баламыз (заморозка) сақталып тұр. Жолдасымыз екеуміздің ұрығымызды қосқанда 6 ұрық шықты. Оның екеуін салып берді, қалған 4 ұрық сақталып тұр. Егер табиғи жолмен бала көтере алмасам, 2024 жылы сол ұрықты салдыру ойымызда бар. Келер жылы ЭКО жасатуды жоспарлап отырмыз. Ұрық өмір бойына сақтала береді. Ол үшін екі тарап келісім шарт жасап, құжат толтырады. Бірақ ай сайын 3 мың теңгеден төлеп отыру керек. Егер орталыққа ұрықты сақтағаны үшін ай сайын төлем жасаудан бас тартса ерлі-зайыптының келісімімен оны жояды”, – дейді Жұлдыз Тәженова. Репродуктолог маман Амангелді Еркінұлы бедеуліктің негізгі себептері туралы айтты. “Бедеуліктің ең жиі кездесетін үш себебі бар. Біріншіден, әйел жатырының екі түтікшесі бітеліп қалғандықтан табиғи жолмен жүкті бола алмайды. Бұл жағдай науқастардың 80%-ында кездеседі. Жатыр түтікшелері әдетте, суық тиіп, инфекция кіргендіктен бітеліп қалады. Екіншісі, ер адамның белсіздігі. Үшіншісі, гормоналды себеп. Яғни, әйелдің аналық безінде піскен ұрықтың жарылатын кезеңі (овуляция) болмайды. Осындай себептермен ерлі-зайыптылар ЭКО-ның көмегіне жүгінеді. Статистикаға сүйенсек, Алматыдағы репродукция емханасына жылына орта есеппен 3 мыңға жуық адам ЭКО жасауға келеді. Биыл 1800 әйел ЭКО арқылы бала көтерген. Ал 2022 жылғы статистика бойынша, 2500 адам ЭКО-ның көмегіне жүгініп, оның 1700-і оң нәтиже берді. 1000-нан аса әйел сәбилі болды. Репродуктолог маманның айтуынша, Қазақстан әлемдік статистикадан қалыс қалып жатқан жоқ. ЭКО-ның сәтсіз аяқталып жататыны жасырын емес. Дәрігер ерлі-зайыптылардың бірден сәбилі бола алмауының себебін түсіндірді. ЭКО-ның сәтсіз аяқталуына көбіне мына жағдайлар себеп болады: Эмбрионның генетикалық ақауы. ЭКО жасағанда әйел мен еркектің ұрығын қосамыз. 5-6 күн шамасында эмбрион өсіп шығады. Оны жатырға саламыз. Егер ол дені сау эмбрион болса, құрсаққа бітіп кетеді. Егер эмбрион сапасы төмен болса, әйелдің жүкті болуы екіталай. Көбіне ерлі-зайыптылар ЭКО-ны генетикалық диагностикадан өтпей жасатады. Себебі ол өте қымбат процедура. Сондықтан біз эмбрионның сапалы немесе сапасыз екенін білмей ЭКО жасаймыз. Қандай эмбрион өссе біз соны саламыз. Генетикалық диагностикадан өтпей ЭКО жасатқан жұптар да бала сүйіп жатады. Бірақ біздің тарапымыздан ешқандай кепілдік болмайды. Ал аталмыш процедураны жасатқан ерлі-зайыптылардың 90%-ы сәбилі болады. Мұнда мәселе қаражатқа келіп тіреледі. Жатырдағы потология. Жатырдағы полип, миома, эндометриоз сияқты аурулар эмбрионның бітіп кетуіне кедергі жасайды. Жатыр түтіктеріндегі потология. Кейбір әйелдердің жатыр түтіктерінде ірің жиналады. ЭКО жасап, баланы жатырға салған кезде ірің эмбрионды ағызып жібереді. Түтіктердегі іріңді білікті реппродуктолог қана байқайды. Яғни, нағыз маманға қаралған жағдайда мұның алдын алуға болады. Егер іріңді байқамай, эмбрион салса ЭКО сәтсіз аяқталады. Репродуктолог Амангелді Еркінұлы ЭКО-ға дайындық кезеңінің маңызын атап өтті. “ЭКО жасаудың алдында ерлі-зайыпты дәрігерлер беретін арнайы анализдер тізімі бойынша бірқатар тексеруден өтеді. Сондай-ақ әйел ЭКО алдында 15-20 күндей гормондарды ынталандыру үшін қажетті дәрілер алады. Олар әйелдегі ұрықтың көбеюіне сеп болады. Кейін ер адамның ұрығымен қосып, 5 күн оның өскенін күтеміз. Оның арасынан сапалы эмбрионды алып, сұрыптаймыз. Сәйкесінше, 20 ұрық алсақ, 3-4 эмбрион шығады. Қалғандары автоматты түрде дамуын тоқтатады”, – дейді дәрігер. Қандай әйелдерге ЭКО жасауға болмайды? “Әйелдердің жасына байланысты шектеу бар. Денсаулық сақтау ұйымы репродуктивті жасты 18-49 деп белгіледі. Осы жас аралығындағы әйелдердің ЭКО жасауға мүмкіндігі бар. Бірақ 40 жастан кейін әйелдің денсаулығы сыр беретінін ескеруіміз керек. Жатырында миомасы көп, эндометриозы асқынған әйелдерге ЭКО жасай алмаймыз. Өйткені бәрібір эмбрион жатырға бітіп кете алмайды. Сондай-ақ жатырға бірнеше рет ота жасалған әйелдерге ЭКО жасауға болмайды. 3-4 мәрте кесарь тілігін жасаған әйелдердің жатырының шыдамдылық қасиеті төмен болады. Жүктілік кезінде жатыр жарылып кетуі мүмкін”, – дейді репродуктолог маман Керісінше, ЭКО-ның көмегінсіз, табиғи жолмен бала көтере алатын науқастар да болады. Дәрігерлер оларға қажетті дәрі-дәрмегі мен дәрумендерін берсе, ешқандай ЭКО-ның қажеті болмайды. ЭКО бағдарламасына кететін қаражат көлемі де маңызды мәселе. Маман ем-шараның құнына қатысты сұраққа жауап берді. “ЭКО жасату үшін шамамен 1,5-2 миллион теңгедей қаржы керек. Оның ішіне науқастың дәрі-дәрмегі, анализдер, ЭКО процедурасы кіреді. “Аңсаған сәби” бағдарламасы бойынша бүкіл Қазақстанға 7000 квота бөлінеді. Квотаға гормондық ынталандыру дәрілер кіреді. Ол дәрілер шетелден кедетіндіктен бағасы да сәйкесінше қымбат болады. ЭКО бағдарламасы, яғни ұрықты алу, ер адамның ұрығымен қосу, эмбрионды 5 күн инкубаторда өсіру, оны жатырға салу операциясы тегін болады. Алайда квотамен келген ерлі-зайыпты қажетті анализдерді өздері жинайды. Сондай-ақ “Аңсаған сәби” бағдарламасына генетикалық диагностика да кірмейді. Эмбрионның сапалы екеніне көз жеткізу үшін генетикалық тексеруден өтсе, оның шығынын ерлі-зайыпты өзі жабады. Елімізде ЭКО-ны тегін жасатуға мүмкіндік бар. Жасы 42-ден аспаған, тұрмыс құрғаннан кейін 1 жыл ішінде бала көтере алмаса кез келген қазақстандық әйел ЭКО-ны тегін жасата алады. Репродуктолог маман ЭКО бағдарламасы туралы жалған деректерге нүкте қойды. “ЭКО-мен дүниеге келген бала болашақта өзі де табиғи жолмен балалы бола алмайды” деген бос әңгіме. Қазір ЭКО қарқынды дамып келе жатқандықтан, бақсы-балгерлерге сенетіндер азайды. Сол себепті бұл жалған деректі сол адамдары шығарды дей ойлаймын. “ЭКО – онкологиялық ауруға әкеліп соғады” деген дерек те шындыққа жанаспайды. ЭКО-ға дейін біз ерлі-зайыптыларды жеке-жеке онкологиялық ауруларға қаншалықты бейім екенін тексереміз. Егер сараптама нәтижесі жоғарғы көрсеткішті көрсетсе, біз оларға ешқандай дәрі екпейміз. Өйткені қандай да бір дәрі берсе, қатерлі ісіктің даму қауіпі бар. Ондай жағдайда біз табиғи циклді ЭКО жасаймыз, яғни, ешқандай ине салмаймыз”, – дейді Амангелді Еркінұлы. Ұрықты қалай сақтауға болады? “Ұрық үш күйде сақталады. Егер ер адамның жақын арада үйленетін ой болмаса немесе жұмысы химиялық заттармен байланысты болып, денсаулығына кері әсер етер болса өз ұрығын сақтап қояды. Сәйкесінше, әйелдер де мансап қуып, отбасы құруға асықпаса ұрығын сақтап қойса болады. Соңғы кездері сондай сұраныспен келетін қыз-келіншектер қарасы көп. Мысалы, әйел адам 25 жасында келіп, ұрығын сақтауға берді делік. 30-35 жасында сүйіктісін кезіктіріп, тұрмыс құрды. Егер 1-2 жылда бала болмаған жағдайда өз ұрығын салса болады. Ескере кететін жайт, оның ұрығы 25 жастағы қыздың ұрығы болып саналады. Бүгінде шетелде жүрген қандастарымыз Қазақстанға ұрығын сақтап қоюға жиі келетін көрінеді. Бұған себеп елде ЭКО бағдарламасы арзан. Ұрықты қатырудың ұшінші түрі, ер мен әйелдің ұрығын қосып, эмбрион түрінде сақтау. Егер ерлі-зайыпты отбасын құрып, балалы болуды кейінге жоспарласа, ұрықтарын қосып, эмбрион күйінде сақтай алады, – дейді дәрігер. Маманның айтуынша, бұл болашақ баланың денсаулығына ешқандай кері әсерін тигізбейді. Репродуктивті психолог Алёна Беклемишеваның айтуынша, бедеулік – үкім емес. “Жүктіліктің алдындағы қиындықтарды замануи емдеу әдістерінің көмегімен жеңу керек. “Бала көтер алмаймын” деген қорқыныштың болуы қалыпты жағдай. Сіз сәбилі болу үшін қолыңыздан келгеннің бәрін жасап жатырсыз. Дәрігер Павел Базановтың "ЭКО-материнство: когда природе нужно помочь" атты кітабы бар. ЭКО бағдарламасына дайындалып жүрген әйелдер үшін таптырмас көмекші”, – дейді маман. Психолог маман әйел адам ЭКО бағдарламасын жасар алдында психологиялық тұрғыдан қалай дайындалып, не істеу керегін айтты. “ЭКО – күш-қуатты талап ететін емдік шара. Сондықтан энеригияны уақытылы қалыпқа келтіріп отырған жөн. Сізді бақытты ететін, шабыттандыратын нәрселердің тізімін жасаңыз. Олардың саны 30-дан кем болмау керек. Сізге күлкі сыйлайтын, демалуға көмектесетін қандай дүние? Бос уақытыңызды қалай өткізгенді ұнатасыз? Ол кез келген нәрсе болуы мүмкін. Сүйіп айналысатын ісіңіз, тағамдар, ойын-сауық, ерекше әсер сыйлайтын иіс, сезім, сүйікті фильмдер мен музыка. Күн сайын сол тізімдегі дүниелерді жасап отырыңыз. ЭКО бұл – лоторея. Қай кезде ұтып, жеңіске жететініңізді білмеймесіз. Сондықтан барынша сабырлықты серік етіңіз. Ойлаған мақсатыңызға жету үшін төзіммен күте білу керек. Сізге қолдау білдіре алатын жандардың жаныңызда болғаны жақсы. ЭКО – дүниеге келмеген балаға және өзіңе деген маххабат. Өткенді өзгерте алмағанымызбен, жанымызды сауықтыруды және өзіңе махаббатпен қарауды қазірден бастасаңыз болады. Көзіңізді жұмып: “Сенің қолыңнан бәрі келеді, мен саған сенемін! Сен керемет ана боласың. Біз кез келген қиындықты жеңеміз. Менің сәбиім барлық қиындықпен күресуге тұрарлық. Мен жақынды оны құшағыма аламын” деп айтыңыз. Өзіңізді-өзіңіз айыптап, сынағаннан көрі, керісінше ризашылығыңызды білдіріп, қолпаштағаныңыз әлдеқайда пайдалы. Бұл әдет ана болған кезде пайдаға асады”, – дейді психолог Алёна Беклемишева.

Президент Тоқаев әкесінің атындағы мектепке барды
Президент Тоқаев әкесінің атындағы мектепке барды
  • qaz365.kz
Алматыға жабайы үйректер ұшып келді
Алматыға жабайы үйректер ұшып келді
  • almaty_tv
«Дикий Арманның» соты қашан өтетіні белгілі болды
«Дикий Арманның» соты қашан өтетіні белгілі болды
  • sn.kz
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
  • aqshamnews
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
  • aqshamnews
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
  • aqshamnews
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
  • aqshamnews
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
  • aqshamnews
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
  • aqshamnews
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
  • aqshamnews
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
  • aqshamnews
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
  • aqshamnews
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Қаңтардан қаңтарға дейін...
  • aqshamnews
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
  • aqshamnews
«Муфаса. Арыстан патша»
«Муфаса. Арыстан патша»
  • aqshamnews
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
  • aqshamnews
Алматы - арман қала: шаһарға келген туристерді не қызықтырады
Алматы - арман қала: шаһарға келген туристерді не қызықтырады
  • almaty_tv
Әділбек Мусин әлем чемпионатында ел рекордын жаңартты
Әділбек Мусин әлем чемпионатында ел рекордын жаңартты
  • Massaget
Министр жас ғалымдарға пәтер сертификаттарын табыстады
Министр жас ғалымдарға пәтер сертификаттарын табыстады
  • baq.kz
Комиссия Алматы облысындағы аудан әкімін қызметінен босатуды ұсынды
Комиссия Алматы облысындағы аудан әкімін қызметінен босатуды ұсынды
  • halyq-uni
Елордада қысқы сырғанау маусымы ашылды
Елордада қысқы сырғанау маусымы ашылды
  • el.kz
  Әлемдегі ең ықпалды 100 әйел тізімі жарияланды
Әлемдегі ең ықпалды 100 әйел тізімі жарияланды
  • aikyn
Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты
Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты
  • baq.kz
Алматыдағы №174 гимназиясының қосымша ғимарат құрылысы қашан аяқталады
Алматыдағы №174 гимназиясының қосымша ғимарат құрылысы қашан аяқталады
  • almaty_tv
Магический разбор выходных
Магический разбор выходных
  • Smi24
"Барысқа" екі хоккейші қосылды
"Барысқа" екі хоккейші қосылды
  • penalty
Иран Халкын ирелеңдеткен Qazaq Titan колумбиялықтарды нокаутқа түсіріп жатыр
Иран Халкын ирелеңдеткен Qazaq Titan колумбиялықтарды нокаутқа түсіріп жатыр
  • Vesti
Станислав Черчесов: «Kез келген қарсыласты құрметтеу керек»
Станислав Черчесов: «Kез келген қарсыласты құрметтеу керек»
  • bassport.kz
«Дикий Арманға» сот үкімі қашан шығатыны белгілі болды
«Дикий Арманға» сот үкімі қашан шығатыны белгілі болды
  • qaz365.kz
Шерзаттың әкесінің соты: апелляция шешімі шықты
Шерзаттың әкесінің соты: апелляция шешімі шықты
  • qaz365.kz
Алматы облысының әкімі Талғардағы “Хутор“ қылмыстық тобы туралы қауесетке жауап берді: 13 желтоқсан 2024, 15:56 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Алматы облысының әкімі Талғардағы “Хутор“ қылмыстық тобы туралы қауесетке жауап берді: 13 желтоқсан 2024, 15:56 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Азия чемпионатының жүлдегерлерін жанкүйерлер әуежайдан күтіп алды
Азия чемпионатының жүлдегерлерін жанкүйерлер әуежайдан күтіп алды
  • penalty
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Президент әкесі Кемел Тоқаев атындағы мектепке барды: 13 желтоқсан 2024, 13:13 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Президент әкесі Кемел Тоқаев атындағы мектепке барды: 13 желтоқсан 2024, 13:13 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев Жетісу облысындағы ауылға барды: 13 желтоқсан 2024, 12:41 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Жетісу облысындағы ауылға барды: 13 желтоқсан 2024, 12:41 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
“Есірткі тастап кетемін“. Сот көршілердің жанжалы бойынша шешім шығарды: 13 желтоқсан 2024, 12:05 - жаңалықтар Tengrinews.kz
“Есірткі тастап кетемін“. Сот көршілердің жанжалы бойынша шешім шығарды: 13 желтоқсан 2024, 12:05 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Салтанат Нүкенованың ағасы экс-депутаттың қызымен сөз байласқан ба? (ВИДЕО)
Салтанат Нүкенованың ағасы экс-депутаттың қызымен сөз байласқан ба? (ВИДЕО)
  • sn.kz
Абай облысында Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Абай облысында Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
  • qaz365.kz
Роза Рымбаева тағы бір жаңа атаққа ие болды (ВИДЕО)
Роза Рымбаева тағы бір жаңа атаққа ие болды (ВИДЕО)
  • sn.kz
Роза Рымбаеваға Абай облысының құрметті азаматы атағы табысталды
Роза Рымбаеваға Абай облысының құрметті азаматы атағы табысталды
  • qaz365.kz
Тәуелсіздік күні қарсаңында түркістандық 500-ден аса отбасы үйлі болды
Тәуелсіздік күні қарсаңында түркістандық 500-ден аса отбасы үйлі болды
  • Otyrar
Президент Түрікменстан басшысына құттықтау жеделхатын жолдады
Президент Түрікменстан басшысына құттықтау жеделхатын жолдады
  • almaty_tv
Балаға жаңа жылдық киімді қалай таңдаған дұрыс?
Балаға жаңа жылдық киімді қалай таңдаған дұрыс?
  • Otyrar
Бірқатар балалар киімі мен ойыншығы талапқа сай емес
Бірқатар балалар киімі мен ойыншығы талапқа сай емес
  • Otyrar