4 жылда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 869 адам көз жұмды – Аида Балаева

Соңғы 4 жылда елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 900-ге жуық адам көз жұмған. 2 мыңнан астам адамның денсаулығына ауыр зиян келген. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты. Оның сөзінше, өңірлерде 68 отбасылық қолдау орталығы жұмыс істейді. Оның 19-ы уақытша баспанамен қамтамасыз етеді. Бірақ, орталықтардың жұмысы біркелкі емес. Сондықтан келер жылдан бастап, отбасын қолдау орталықтарының барлығына бірыңғай жұмыс тәсілі енгізілмек. Аида БАЛАЕВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ: Жыл соңына дейін "Бақытты қазақстандық отбасы" интерактивті нұсқаулық әзірленеді. Некеге тұратын жұптардың отбасылық дәстүрлері мен рухани-адамгершілік құндылықтары туралы ақпараттар "Электрондық үкімет" жүйесінде бейнеролик түрінде көрсетіледі. Некеге тұруға онлайн өтініш берген азаматтар осы нұсқаулықпен міндетті түрде танысып шығуға тиіс. Алайда жәбірленушілердің барлығы әйелдер емес. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха отбасылық зорлық-зомбылық туралы шағымдардың 10 пайызы ер азаматтардан түсетінін айтты. Игорь ЛЕПЕХА, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Әрине, біз бұған шетін жағдай сияқты қараймыз. Алайда әйелдерінің үстінен шағымданатын еркектер де бар. Олардың саны көп емес, бірақ түрлі жағдай болады. Мысалы, балаларының үстінен шағымданатын ата-аналар бар, керісінше кейде бала өз ата-анасына шағымданып жатады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақша, есірткі, қару: ҰҚК шекарашылардың бір жылғы жұмысы туралы есеп берді
Павлодар облысында әкімдік шешімі жойылып, жер студенттерге қайтарылды
Олжас Бектенов Түркістан облысының активіне жаңа әкімді таныстырды
Кілтіңізді көршіңізге қалдырмаңыз!
Көпбалалыларға жаңа салықтық жеңілдіктер енгізілді
Меркідегі "мереке"
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі.
Этникалық қазақ Қытайда лауазымды қызметке тағайындалды
Алматыда Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына арналған көрме ашылды
Жетісу облысында бір адамнан метапневмовирус анықталды
Павлодарда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
Ұлытау облысында мал іздеуге кеткен екі адам батпаққа батып қалған
Депутаттар Петропавлдағы бөгетті қалпына келтіру жұмыстарын көрді
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Мемлекет басшысы құрылыс индустриясы нысандарымен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Жалақы 200 мың теңге. БҚО-дағы жылу электр орталығында қандай проблема бар
Антикор 55 млрд теңгенің негізсіз жұмсалуының алдын алды
Астанада алаяқтықтың 49 дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды
Ұлттық ұлан батыры Айбат Амановтың анасы сарбаздармен кездесті
Жанқош Тұраровтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Қазақстандағы су қоймаларында көктемгі су тасқынына дайындық басталды