«4 сағат такси күттік»: Дубайда жұмыс істейтін қазақ жігіті нөсер жауын кезінде суға батқан көліктерді көрсетті

Біріккен Араб Әмірліктерінде 75 жыл болмаған нөсер жауын жауғанын әлемдік БАҚ жазып жатыр. Azattyq Ruhy тілшісі Дубайда жұмыс істейтін қазақ жігітімен сөйлесіп, қаладағы жағдайды білді.Жауын кезінде қоғамдық көлік қозғалысы шектеліп, метро жұмысында кедергілер туындаған. Ел билігі тұрғындарға қажет болмаса, үйден шықпауға кеңес берген. Мемлекеттік мекемелер мен көптеген жеке меншік иелері қашықтан жұмыс істеп, ауа-райының қолайсыздығы сақталса, мектептер мен университеттердегі сабақтар онлайн өтетіні хабарланды. Осы ретте, Дубайда жұмыс істеп жүрген қазақтарды сөзге тарттық. Мәди Дубайға жұмыс бойынша іскерлік кездесулер өткізуге барған. Ол жаңбыр құйған кезде қонақ үйге жету үшін такси таба алмай, қиналғанын айтады. «Кеше қалада қатты жауын болып, Шейх Зайед көшесінде үлкен кептеліс болды. Оның салдарынан такси табу қиынға соқты. Біз қонақ үйге жету үшін таксиді 4 сағат күттік. Әрең дегенде қонақ үйімізге жеттік», - дейді ол. Оның айтуынша, қазір ауа райы тұрақты, күн шайдай ашылған. Алайда Дубайда такси қызметі тоқтап тұр, жұмыс істемейді. Қаланы әлі де су басып жатыр. Көшедегі көліктер судың көптігінен істен шығып жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
29 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қарағанды облысында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Жаңа жыл қарсаңындағы билет тапшылығы шешіле ме?
Елордада JOLTAP жобасының қорытындысы шығарылды
Елге көлік кіргізу ережесін қатаңдатудың салдары қандай болмақ?
Шымкентте жаңа жыл түні 2 мың полицей қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Ұшақ апатынан қайтыс болған жолаушылардың туыстарына қолдау көрсетілуде
Олимпиада чемпионы Давид Дегтяревке әкімдік ақшалай сыйақы табыстады
Қайызғақтың кесірінен шашсыз қалуыңыз мүмкін бе?
ТЖМ құтқарушылары 47 адамның өмірін сақтап қалды
Абай облысында пәтер тонаушы ықпалды ұрылар тобы ұсталды
СҚО-да көп балалы аналарды құрмет көрсетілді
Адам қанша мандарин жесе өліп кетуі мүмкін?
Жаңа жылыңмен деп құттықтаудың өзі күнә, шариғатта рұқсат жоқ – блогер (ВИДЕО)
Таразда балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау орталығы ашылды
Қаза тапқан Әзірбайжан азаматтарының денелері Отанына жөнелтілді
29 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Абай облысында «қылмыстық гастрольдік квартет» атанған пәтер тонаушылар тобы ұсталды
Оқушылар қысқы каникулда қанша күн демалады?
Қарағанды облысында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Ақтаудағы әуе апатынан қаза тапқан Әзербайжан азаматтарының денелері еліне жіберілді
Жаңа жыл қарсаңындағы билет тапшылығы шешіле ме?
ТЖМ құтқарушылары 40 адамды эвакуациялады
Алматыда Аяз Атаның киіз үйлері ашылды