Отандық әнші Өмірқұл Айниязов биылғы жылы ұлының отбасы құратынын айтты. Әнші "Өмір көркем" бағдарламасында 23 жастағы ұлы Нұртуғанның тамыз айында үйленетінін мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Қыздар "Алматыдағы жеке концерт қашан болады?" деп сұраған кезде айтқанмын. Бұйырса, тамыз айында келін алсақ деген ойымыз бар. Сол себепті концертті көктемге жылжытып қойдық. Біздің кезімізде үйленетін болса, айтпай жасыратын еді. Қазір айтатын заман болды. Сондықтан бәрін халық көріп отыр. Сақина салып, ұсыныс жасады. Құдалармен де кездесіп, уағдаласып қайттық. Семейден найманның қызын алғалы жатырмыз. 21 жылдан кейін қызды болып, той жасағанымда 350 адамды сыйғыза алмадық. Соған қарағанда, 400-ден аса адам шақыруымыз керек шығар деп ойлаймын", - деді Өмірқұл Айниязов.