41 градус ыстық болады

Синоптиктер 21 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. "Қазгидромет" РМК  ақпаратыншаҰлытау облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, орталығында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.Қарағанды облысының батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық 39 градус күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Астанада таңертең және күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, батысында, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыста 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Жетісу облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Павлодар облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с. Ақтөбе облысының оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Қызылорда облысының орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде төтінше өрт қауіпі сақталады. Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарына найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шөлді аудандарында 40 градус қатты ыстық болады. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астана маңына блокпостар қойылды
ЕО Беларуське қарсы жаңа жазалау шараларын талқылауда
Қазақстанда құмар ойын ойнаған мемқызметкерлерге айыппұл салына ма?
Денге безгегі дендеп барады
«Мызғымас бауырластық-2024» жаттығуы өтеді
Полиция 12 жылдан бері Қазақстанда құжатсыз жүрген шетелдікті еліне қайтарды
Қарағандыда 94 ауыл мектебі Starlink спутниктік жүйесіне қосылды
Таразда 12 млн теңге жымқырған балабақша басшысы сотталды
Су тасқыны. Темір ауданында зардап шеккен 17 отбасы баспаналы болды
 "Асығыс жасалып жатыр". Nextgen Finance Forum 2024 форумында жаңа салық кодексі талқыланды
Олжас Бектенов Кіші Аралдың жағдайын тексеріп, суды үнемдеуді тапсырды
Түнгі клубқа барып, жұмыстан босап қалған мұғалімдер директорын сотқа берді: сот шешімі шықты
Таза Қазақстан: Елордалық жастар Есіл жағалауын қоқыстан тазартты
Сенат төрағасы: әкімдіктер статистиканы жақсарту үшін мәліметтерді құбылтуы мүмкін
Тоқаев екі келісімді ратификациялады
«Ақжол мықты балуан. Көңілде алаң жоқ». Демеу Жадыраев Париждегі басты қарсыласын атады
Үлкен билікке таласқан екі «ақсақал» сөз жарыстырады. Нәтижесін бүкіл әлем күтуде
Жамбыл облысында балабақша басшысы сотталды
Жасыл шөп болған: Ғалымдар Сахараның таңғажайып тарихын ашты
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Астанада топырақты қазып, қаладағы құрылыс алаңдарына жеткізгендердің әрекеті әшкере болды
Ислам даму банкі Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларды қолдауға $2 млрд бөледі
Қазақ журналистикасындағы әйелдердің рөлі
Әшімбаев: Президент берген тапсырмаларды атүсті емес, толық орындауымыз керек